Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа әліпби емлесі Қостанайда қызу талқыланды

12.10.2018 250
Бүгін Қостанай қаласында, Әулиекөл, Қостанай аудандары​нда жаңа әліпбидің емле ережесі көпшілік талқысына түсті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасында ақпараттық-насихаттау шарасы өз деңгейінде өтті.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 ақпандағы № 637 жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру және әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру мақсатында өткен еркін форматты шараға халық көп жиылды. Бұл ұлттық науханның халықты бей-жай қалдырмайтындығының көрсеткіші. Шараға қала және аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен тілтанушы ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Насихаттық топ жиналғандарға жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіріп, емледегі басты жаңалықтармен бөлісіп, көпшілік қауым арасында ғылыми-танымдық көзқарас қалыптастыруға ықпал етуге тырысты. Соның нәтижесінде халықтың әліпби реформасын қабылдауда оң көзқарасыз қалыптастырып, көпшілікпен ғылыми-практикалық байланыс орнатты.

Ғылыми сараптамадан өткізілген емле ережелерінің жобасы 2018 жылғы 27 қыркүйекте Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия қарауына ұсынылды. Ұсынылған жоба мазмұны дөңгелек үстел, семинар және көпшілік талқылау түрінде өткізілетін осы шара барысында көпшілікке ғылыми тұрғыдан түсіндіріліп, емле мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалады. Сондай-ақ ақпараттық-насихаттық шарада орфографиялық, терминологиялық және әдістемелік жұмыс топтарының мүшелері мен тілші ғалымдар жаңа әліпбиге көшудің мәні мен емледегі өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, ереженің негізгі қағидаттарымен және басты жаңалықтарымен таныстырады. Қатысушылардан емле ережелеріне қатысты сауалнама алынып, емлені жетілдіруге арналған деректер мен ұсыныстар жинақталады.



Тегтер: Қостанай, латын графикасы, жаңа әліпби, насихат
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер