Ұлттық ономастика мәселелері талқыланады

Tilalem.kz

Tilalem.kz

03 қазан, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, Павлодар қаласында 2018 жылғы 25 қазанда «Ұлттық ономастика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Ісшара барысында идеологиялықтұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су атауларымен және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселесі, өңірлердегі ономастикалық ахуал, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын маңызды мәселелер қаралатын болады.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардағы жетекші мамандар, облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ зиялы қауым және БАҚ өкілдеріқатысады.

Өтетін орны: Павлодар қаласы, 1-Май көшесі 35/1, Достық үйініңкіші мәжіліс залы

Басталуы: сағат 15.00

Байланыс телефондары: 8 (7172)74-09-85, 87477285800, 87016752660, 40-83-93.


Баға беріңіз