Тіл тағдыры Түркістанда талқыланады

Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 қазан, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Түркістан облысының Түркістан, Кентау, Арыс, Шымкент қалаларында 15-17 қазан 2018 жыл мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" республикалық семинарын өткізеді.

Шараның мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық болмысымызды бабалар тілімен жеткізу, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, рухани мәдениетімізді көтеру, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елдімекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.

Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер,қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, Түркістан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы міндетін атқарушы Асылхан Темірхан, облыстық баспасөз құралдарының бас редакторлары, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер мүшелері, жұмысшы жастар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері қатысады.


Баға беріңіз