Тіл жанашырлары тараздықтармен кездеседі

Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 қазан, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Жамбыл облысының Талас ауданы Қаратау қаласы, Рысқұлов ауданы Құлан селосы және Тараз қаласында мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" республикалық семинарын өткізеді.

Шараның мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық болмысымызды бабалар тілімен жеткізу, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, рухани мәдениетімізді көтеру, қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген жаңа қаріпке көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елдімекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.

Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаткер Расул Жұмалы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Дулатитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова, облыстық баспасөз құралдарының бас редакторлары қатысады.

Шара үстіміздегі жылдың 10-12 қазан аралығында өтеді.


Баға беріңіз