Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқушыларды ағылшын тіліне баулиды

26.9.2018 239

Қазір балалардың жан-жақты дамуына толық мүмкіндік бар. Мектеп оқушыларының ғылым-білімнің қыр-сырын ерте жас­тан меңгерулеріне «Нұр Отан» партиясы да ерекше мән беріп, жақсы бастамаларға ұйытқы бо­лып келеді. Жаңа оқу жылында Атырауда осы бағыттағы жұ­мыс­тар жандана бастады. Айталық «Жас Отан» ЖҚ мен «Болашақ» қауымдастығы қолға алған «English for Jastar» атты жоба жоғарыдағы сөзімізге ай­қын дәлел. Ауыл балаларына ағыл­шын тілін үйрету мақ­са­тында қолға алынған жо­ба бо­йынша Исатай, Индер, Махамбет, Мақат, Жылыой аудандарында 12 ерікті жұмыс істеп жатыр. Оларға барлық жағдай жасалып, баспана, тамақтану, тасымал мәселелері де шешілген. – «English for Jastar» партиялық жобасы екі айға есептелген. Ерік­тілер 20 қыркүйек пен 20 қараша аралығында ауыл балаларымен жұмыс істеп, аудан жастарының ағылшын тілінде сөйлеу машығын дамытады. Жоба аясында 500-ден астам баланы қамту жоспарланып отыр, – дейді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының баспасөз хатшысы Эльмира Түнғатарова.

Сондай-ақ партия бастамасымен балаларға арналған IT-сыныптар ашылды. Британдық «Love to code» бағдарламасының халықаралық білім франшизасы пайдаланылған бұл жоба бо­йынша арнайы сыныпта 8-16 жас аралығындағы оқушылар білім алады. Оқушылар орталығының басшысы Айзада Түсіпқалиева жоба аясында алты топ ашыл­ғанын, балалардың аталған салаға қызығушылықтары жоғары екенін айтады. Жал­пы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негі­зінде облыста 10 IT-сынып балалар игілігіне жұмыс істеуде.

Одан бөлек – Атырау қа­ла­сында алғаш рет мектеп жанынан балалар коворкинг орталығы пайдалануға берілді. №2 мектептегі жаңадан ашылған орталықта балалардың бос уа­қыт­тарын тиімді өткізуле­ріне барлық жағдайлар қарасты­рыл­ған. Енді оқушылар мен ата-аналарға арналған түрлі тре­нингтер, интеллектуалдық сайыстар, сабақтар осы жерде өте­ді. «Қазақстан кітапханалары – Білім орталықтары» партиялық жо­басы аясында Атыраудағы 10 кітапхана жанынан коворкинг орталықтары ашылған еді. Ал жаңа орталыққа Атырау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Семғалиев демеуші болды.

Балалардың қарым-қабілет­терін дамыту мақсатында облыс­та жүзеге асып жатқан игі жобалар баршылық. Осындай жұ­мыс­­тардың нәтижесінде биыл қо­сымша білім берумен қамту көр­сеткіші 8,6 проценттен 22,4-ке көтерілді.

Тегтер: Атырау, қазақ тілі, ағалшын, пән
Авторы: Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

101 0

ақпарат

​Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұлы құндылығы

114 0

ақпарат

«Үздік қызметкер» байқауы өтті

107 0

ақпарат

​«Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» семинар-кеңесі өтеді