Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Латын негізді қазақ әліпбиінің артықшылығы мен кемшілігі

24.9.2018 838
​2017 жыл Қазақстан халық үшін тарихи жыл болды. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі ұсынылып, ол латын қаріптеріне негізделді. Қазіргі уақытта біз осы әліпбиді оқуға дағдыланып жүрміз.Біздің департаментімізге жаңадан жасалынып жатқан емле ереженің жобасы талқылау үшін келген еді. Оны оқытушы профессорлармен талқылап өз ұсыныстарымыздыШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми–практикалық орталығына ұсындық. Ұсынылған ереже жобасына Қазақстандағы мамандардың пікірлері ескеріле отырып, әлі де болса толықтырулар мен түзетулер енгізіледі деп ойлаймыз.

Бірнеше шет тілін толық игерген маман ретінде ұсынылған латын негізді қазақ әліпбиін игеру барысында пайда болған проблемалар мен ондағы дыбыстардың таңбалануы туралы ақпараттармен бөлісуді жөн көрдім.

Латынға негізделген европа тілдерін білетін қандай да бір адам осы әліпбиді оңай оқи алмайды. Мен өзім алдымен қазақ кирилінше жазылған мәтінін оқи алмай латыншасын оқуға қиналамын. Оның себебі әліпбидегі кейбір дыбыстар европа тілдерін жақсы білетін адамдарды шатастыруы мүмкін.

1. Неміс, фин, венгр т.б. сияқты көптеген еуропалық тілдердің әліпбиінде умлаутты(äëïöü), қолданады. Европа тілдерімен таныс халықтың бәріне ä ö ü әріптері a o u әріптерінің жіңішке түрі екені белгілі. (Орыс тілдерінен аударылмаған сөздерде болмаса ё әрпі қажет болып тұрған жоқ).

2. Ï әрпін Ы ның орнына қолдануға да болады. Европалық түркітанушылар көбінесе осылай қолданады.

3. Европа тілдерінде áéíóúүлгілері жіңішке дауыстылардың нұсқалары ретінде де пайдаланылмайды. Кейбір Еуропа тілдерінде ол екпінді, созылыңқылықты (венгр тілінде созылыңқы дыбысты да қоса белгілейді) немесе әртүрлі дыбыстауды (француз тіліндегі j’ai parlé ‘I have spoken’) білдіреді. Өзбек тіліндегі акут ў да толық жіңішке емес, /o/ and /ö/) арасындағы әлсіз дыбысты бейнелейді.

4. Көптеген Европа және әлем тілдеріндеńәрпін n (ny) ды жұмсақ айтқанда қолданады.

5. ǵ әрпін қолданатындар тілдер де аз. Өзбек тілінде ғ дыбысын білдіреді. Лингвистер әдетте оны жұмсақ g [gy] ны айтқанда қолданады.

6./h/ мен /x/ көптеген түркі тілдерінде бөлек фонемалар. Х әрпін Һ ны белгілеу үшін қолдану дұрыс емес.

7. I iменI ıдыбыстарының бас әріптеріне бір әріпті алу да қате.

8. ı әрпі түрік және әзірбайжантілдерінде қолданылады. Turік тіліндегі kız (қазақ тіліндегі ы дыбысына жақын)‘girl’. Қазақ кирилін білмейтіндери мен й қайсынын пайдаланатын білмеуі мүмкін. «y» ды қолдану qıyın ‘difficult’ сияқты сөздерді жазуда да әдемі көрінеді..

9. Қазақ тілінде k q екі дыбыс болып тұр. Бірақ, екеуін де бір әріппен берсе де маған ыңғайлы. Қырғыз тілінде тек k қолданады. (ол үндесім заңына сәйкес жуан айтылатын жерде жуанданып айтыла береді).

10. Ý әріпі басқа тілдерде өте аз кездеседі. Түркімен тілінде И /y/ýok ‘жоқ’ деген сөзінде кездеседі. Қазақ кирилшесін білмейтіндердіңý әрпін /u/ немесе/w/ дыбыстарын білдіріп тұрғанын білмейді. Бірәріптің екі түрлі дыбысты білдіріп тұрғаны қате. Wәрпі äwe ‘air’ деген сияқты сөздердегі проблеманы шешетін еді.

11. Менsh and ch әріптерінің бір-бірдыбысты білдіретінін қолдаймын. Түріктерде ş ç қолдану тәжірибесі бар. Бірақ, қазақ тілінде осылай қолдану басқа проблемаларды шығаруы мүмкін.

Соңында айтарым, мен Тіл білімі институтының профессоры Әлімхан Жүнісбектің нұсқасыменкелісемін. Әліпбиді түркі тілдерінен алыстатпай, керісінше жақындатып жасау қажет. Бұл әліпби түрік және түркімен тілдерімен салыстырғанда өте аз қолданылатын белгілерден құрастырылған. Керісінше,әлем тілдерінде көп қолданылатын әріптерді алу керек еді.

Қазақ әліпбиін жаңадан жасаудың мақсатыоның әлемдік кеңістіктегі орнын жоғарылатып, көп халыққа түсінікті болу керектігі болса, беріліп отырған әліпби ол мақсатты орындай алмайды.Керісінше, қазақ тіліне деген құрметті жоғалтады ма деген қорқыныш болып отыр.

Қазақстанның латыннегізді жаңа әліпбиді қабылдаудаға негізгі мақсаттарының бірі-елді әлемдік кеңістікке шығару және шетелдік бизнесті, туризмді дамыту болып табылса, ұсынылған әліпбиге әлі де болса ішінара толықтырулар енгізуді сұранып тұр.

Юлай Шамильоғлу

Назарбаев Университетінің профессоры

Тегтер: қазақ тілі, тіл-қазына, әліпби, латын әліпбиі, латиница,
Авторы: Юлай Шамильоғлу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер