​Руханият кілті қазақ тілінде

Tilalem.kz

Tilalem.kz

06 қыркүйек, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіТіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» бүгінАқмола облысыныңЕрментау ауданындамемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» республикалық семинарын өткізді.


Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ терминология және ономастика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышов, Ақмола облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова алқалы топ алдында ойларын ортаға салды.

Жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау, жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлермен тығыз байланысты.

«Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адаса бастайды. Рухани жаңғыру – тарлан тарихтың, бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі көптің ойынан шықты.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңірген қайраткері, саясаткер Дос Көшім«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайында көп айтылып жүр. Алайда, нақты іске әлі де көше алмай отырмыз. Іс жүзінде не жаңғырып жатыр? Ұлттық код дегеніміз не? Міне, осы жайында ойланайықшы. Жаңғырудың басы – ұлттық ата-тегімізге қайта оралу деп білемін. Тегімізге «ов», «ев» деп жалғау ешбір салтымызда жоқ. Бұл отаршылдықтың құлдық таңбасынан тездетіп құтылуымыз керек. Сондықтан рухани жаңғыруды өзіміздің ата-тегімізге қайтып оралудан бастаған абзал. Өзіміздің ұлттық кодымыз бар. Сол кодтың басы өзіміздің аты-жөніміз. Қазақ тілінің қазіргі кездегі қолданылу деңгейінің әлі де төмен екендігіне қынжылды. Біз әлі күнге дейін унитарлық бір мемлекеттік тілі бар мемлекетпіз бе, әлде қос тілді мемлекетпіз бе, соны ұғына алмай келеміз. Мемлекеттік тілге деген қажеттілік туғызбайынша, ана тіліміздің мәселесін шеше алмаймыз.»-деуі семинарға қатынасушыларға терең ой салды.

Семинарда үш миллион қазағымыздың өзі өз тілінде сөйлемейтіні туралы тіл жанашырларының айтқан қадау-қадау сөздері толғантпай, көкейге ой салмай қоймайды. Семинар соңы сұрақ-жауап форматына ұласты.


Баға беріңіз