Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Араб онимдерінің қазақ тілінде, қазақ онимдерінің араб тілінде берілу жайы

17.9.2018 625

Қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері араб әлемімен тікелей қарым-қатынас орнатып, көптеген араб елдерінде елшіліктерін ашып, ғылым, білім, мәдениет, тарих, экономика, т.б. салалардағы байланыстарын дамытып келеді. Қазақ тілді баспа және электронды ақпарат құралдарында араб елдеріне қатысты көптеген еңбектер мен хабарлар, жаңалықтар жазылуда. Сол сияқты, керісінше, араб тіліндегі баспа және электронды ақпарат құралдарында Қазақстанның әртүрлі саладағы жетістіктері туралы көптеген еңбектер мен хабарлар, жаңалықтар жарық көруде. Алайда қазақ тілінде жазылып жатқан еңбектердегі араб ономастикалық атауларының, сондай-ақ араб тіліндегі еңбектердегі қазақ ономастикалық атауларының жазылуы жүйелеуді қажет етеді. Арнайы ереже түзілмегендіктен бір ономастикалық атаудың өзі бірнеше нұсқада беріліп келеді.

Мысалы Сауд Арабиясының алтыншы королінің аты-жөні (عبد الله بن عبد العزيز آل سعود) қазақ тіліндегі еңбектер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 43 нұсқада жазылып жүр:

Сол сияқты Біріккен Араб Әмірліктері басшысының аты жөні (خليفة بن زايد آل نهيان) 29 нұсқада, Кувейт әмірінің аты-жөні (صباح الأحمد الجابر المبارك الصباح) 19 нұсқада, Қатар елінің бұрынғы әмірінің аты-жөні (الشيخ حمد بن خليفة آل ثاني) 16 нұсқада, Қатардың қазіргі әмірінің аты-жөні (الشيخ تميم بن حمد آل ثاني) 15 нұсқада, Мысыр Араб Республикасы президентінің аты-жөні (عبد الفتاح السيسي) 18 нұсқада жазылып жүр.

Ал еліміздің атауы «Қазақстан» араб тіліндегі еңбектер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 25 нұсқада жазылып жүр:

Қазақстан президентінің фамилиясы «Назарбаев» 17 нұсқада:

Қазақстан президентінің фамилиясы «Назарбаев» 17 нұсқада:

Сол сияқты елордамыз «Астана» 14 нұсқада, оңтүстік астана «Алматы» 15 нұсқада жазылып жүр.

Міне Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы бері ширек ғасырдан асса да араб ономастикалық атаулары мемлекеттік тілде, қазақ ономастикалық атаулары араб тілінде осылай шұбалаңқыланып бірнеше нұсқада жазылып жүр.

Мемлекеттік ономастикалық комиссияның шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін реттеу туралы тұжырымдамада «... қазақ азаматтарының аты-жөндері орыс, ағылшын, т.б. тілдерде жазылғанда қазақ мемлекеттік тілінің әдеби нормаларына сәйкестендіріліп транслитерациялануы (әріптік сәйкестігі сақталып жазылуы) қажет» делінген. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 19-бабында: «Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физико-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс» делінген.

Дамыған елдердің барлығы мемлекеттік тілдеріндегі терминдердің жазылуын біріздендіріп, шетел ономастикалық атауларының транслитерациялануына ереже түзіп қойған. Оған ағылшын, орыс, түрік, т.б. тілдердегі араб ономастикалық атаулары мен әртүрлі саладағы терминдердің бірізді жазылуы куә. Ал Қазақ елінде араб ономастикалық атаулары мемлекеттік тілде шұбалаңқыланып бірнеше нұсқада жазылып жүр. Тіпті, жоғарыда көрсеткеніміздей, бір елдің королінің атын 43 нұсқада жазып жүрміз. Ертең латынға осы 43 нұсқаның қайсысын көшірмекпіз. Дамыған 30 елдің, тіпті 50 елдің қатарына қосылатын елдің мемлекеттік тілі мұндай дәрежеге төмен түспеуі тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек», – демеп пе еді?!

Араб тілі БҰҰ конференцияларының ресми жұмыс тілі саналатын халықаралық 6 тілдің бірі және Ислам Конференциясы Ұйымы, Араб елдері лигасы және Африка Одағы секілді халықаралық ұйымдардың ресми тілі болғандықтан бұл тіл өзге елдерді бүкіл мұсылман жұртына таныстыру мүмкіндігіне ие бірден-бір құрал болып табылады. Сондықтан да дамыған елдер ономастикалық атауларының араб тіліндегі транслитерациялануын әлдеқашанбір жүйеге салып қойған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз – ұлы дала перзенттеріміз. Біз тек көшпенділер ғана емеспіз. Дәл осы ұранмен, осы жаңа брендпен біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет», – деген болатын. Осы сөздерді айтқан Елбасының аты-жөні Қазақ елін бүкіл ислам әлеміне танытатын араб тілінде 17 нұсқада, осы сөздер айтылған жер Елорданың атауы 14 нұсқада және танылуы тиіс «Қазақстан» 25 нұсқада жазылып жүр.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырып, дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін Қазақ елінің мемлекеттік тілінде лексикалық қорымызды толықтырып отырған араб онимдерінің жазылуын (кирил және латын әліпбиі негізінде) біріздендіру және қазақ онимдерін араб тіліне транслитерациялану ережелерін түзіп арнайы анықтамалық сөздіктер дайындау өзекті мәселелердің бірі болмақ.

Тегтер: араб жазуы, араб әліпбиі, омоним, қазақ сөзі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

83 0

ақпарат

Мұстафа Шоқай: ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды

123 0

ақпарат

Ерін үндестігі неге таңбаланбайды?

196 0

ақпарат

Қазақ тілінің сөздік құрамындағы қытай тілінен енген сөздер