​Жаһандану уақытындағы әдебиет

Жаһандану – мәселесі әлемдегі негізгі, маңызды мәселенің бірі. Бір осы ұғымды экономистер, саясаттанушылар, тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, филологтар зерттейді. Осыншалықты барлық ғылым ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

14 қыркүйек, 2018

Жаһандану жағдайында қо­ғам­да­рдың интеграциясы, ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, мемлекеттердің саяси-әлеу­меттік, экономикалық қарым-қа­ты­настары күшейіп, ұлттар мен ұлыс­тардың жақындасуы, тіл табысуы қарқынды жүріп жатыр. Мәдениеттердің диалогы басталды.

Бірқатар жазушыларымыздың шығармашылығынан әртүрлі фи­лософиялық жүйе мен мәде­ни­ет­тердің синтезін көруге болады. Бір жағынан көпұлтты мемлекетпіз, екінші жағынанан жаһандану мен интеграцияның белгілері болып есептеледі. Бұған Ә.Әлімжанов, Д.Снегин, Г.Бельгер, Р.Сейсенбаев, О.Сүлейменов, А.Жақсылықов, М.Пак, А.Кан, Ә.Қодар, Д.Амантай, Б.Қанапиянов, Д.Нақыпов, Д.Қа­­­дыржанов, сияқты қа­ламгерлер­дің шығармашылығы мысал бола алады. Бұл қаламгерлердің шығармаларында Шығыс пен Батыстың, Қазақстан мен Ресейдің мәдениеттері тоғысқан. Өзіндік ерекшелік пен қайталанбас көр­кем бейне, дара стиль бар. Шы­ғар­маларының құрылымы мен мазмұнында шығыс аңыздары, Құран мен Інжіл қиссалары, мифо­логиялық сюжеттер, еуропалық философия мен орыстың діни ойлары қабысып жатады. Бұл қаламгерлердің шығармаларында адам баласы әлемге ортақ азамат, ғаламның бір бөлігі, сонымен қатар өз ұлтының өкілі.

Жаһанданумен бірге әдебие­ті­мізге келген модернистік, пост­модернистік үрдістерді де бай­қаймыз. Ақын-жазушылар сана ағымын қолданып, әр түрлі ұлттың кодтық сөздерін шығармаларында пайдаланып келеді. Ғылыми терминдер, хаттар, құжаттар да көркем шығармалардың бір бөлігіне айналды.

А.Жақсылықовтың прозасын­дағы тілдік ерекшеліктер осыған айқын мысал болар еді.

Реминисценция, аллюзия да жазушылардың жиі қолданатын әдістері. Өз кейіпкерлерін бейнелей отырып, қатар белгілі әдеби кейіпкерді алып, шығармаларында қанатты сөздер жүреді.

Интертекс әдісінің қосылуы, ең алдымен, жазушылар бейне­леген әлемнің шекараларын қозғады. Цитаталар мен афоризм­дерді пай­­­далану өткен, бүгінгі және келе­шектегі бірлік пен сабақ­тастықты көрсетуге, шығарма­лардағы көте­рілген жалпыадам­заттық мәсе­лелерді жан-жақты қарауға мүм­кін­дік берді. Сонымен қатар, басқа контекстегі мәтіндер жаңа мазмұнға ие болды. Жазушылар оларды өздерінің эстетикалық идеалдары мен құндылықтарының, ұлттық сананың призмасы тұрғысынан қайта ойластырды.

Қазақ жазушыларының шығар­маларына уақыт пен полифония, кеңістік тән. Олардың туындыла­рында табиғаттың, қаланың дыбыстары бар. Кейде авторлар бір абзацтағы бірнеше адамның репликаларын, олардың кімге тиесілі екенін көрсетпей біріктіреді. Нәтижесінде, дауыс хорының әсері жа­салады. Бұған мысал – А.Жақ­сылықовтың «Сны окаянных», Б.Қисымовтың «Ол» романдары.

Соңғы жылдары әдебиетке ақпараттық-коммуникация мен компьютерлік технологиялар ықпал ете бастады. Ұялы байланыс пен интернет кеңістік пен қашықтықты едәуір қысқартты. Мемлекеттер арасындағы шекара ғана емес, автор мен оқырман арасындағы шекара да жоқ болып бара жатыр. Интернетте шексіз ақпаратқа сүйрейді. Нәти­жесінде гипершындық үрдісін қалыптастарды. Бұл виртуалды әлем шынайы құндылықтарды жалғанға, ақиқатты өтірікке айырбастап беріп жатыр. Интернет және ұялы байланыс әдебиеттің жаңа жанрларының пайда болуына себеп болып отыр. Екінші жағынан, әлеуметтік желілерде, порталдарда шығармалар жариялана бастады. Соған байланысты авторлар мен оқырмандар ортасы кеңіп, ұстанып келген дәстүріміздің мазмұны да, құрылымы да өзгерді.

Қазақстан әдебиетінде ұялы телефон камерасымен түсірген секілді шағын сюжетті, смс, ескертпе кітап форматтарында жазылған шығармалар пайда бола бастады. Ол туындыларда кеңістік пен уа­қыттың шекарасы жоқ және айтар ойларын соңына дейін жеткізбейді. Авторлар тек қана бір сәтті ұстап алуды қалайды. Мысал ретінде А.Тәжі, Н.Карпова, И.Аргентумның поэзияларын айтуға болады.

Блогер Е.Рашевтің «Балкондағы адам» кітабын айта өту керек. «Telegramда» жарияланған бұл кітап­ интернет пайдаланушылар ара­сында кеңінен таралып, жа­қында кітап түрінде жарыққа шық­ты. Бұл кітаптың тағдыры автор мен оқырман арасындағы диалог­та компьютерлік техно­ло­гия­ның рөлін көрсетеді. Интернет туын­дыларының форматы өзгер­ді, жазу­шыларды әлеуметтік желі­лерге тіркеді, енді олар өз шығар­мала­рына жаңа пішін мен мазмұн іздеуде.

Жаһандану мәселесі Қазақстан­ның қазіргі әдебиетіндегі негізгі та­қырыпқа айналды. Виртуалды әлем­мен ажырамайтын кейіпкер­лер пайда болды. Д.Сүгірәлиновтің «Дисгардиум. A-класты қауіп», «Level up» кітаптарын айтуға болады, мысалы.

Осылайша, жаһандану дәуі­рін­дегі Қазақстан әдебиетінің ай­рықша ерекшеліктері мен өзіндік қолтаңбасы біртіндеп қалыптасып келеді. Жаңа жанрлар, эксперименттер жалғаса береді.


Баға беріңіз