Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Тіл жанашырлары төрге озды

13.9.2018 216
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері үшін берілетін облыс әкімінің дәстүрлі «Тіл жанашыры» сыйлығының марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Ана тілдің абыройын көтеруді мақсат еткен бұл байқау зияткерлер, қоғам қайраткерлері, мем­ле­кет­тік және азаматтық қыз­мет­кер­лер, бизнес және бұқара­лық ақ­па­рат құралдары өкіл­дері, мем­ле­кет­тік тілде еркін сөйлей­тін түр­лі ұлт өкілдері, үш тілді же­тік білген жастар арасында жүр­гізіл­­ген болатын. Биыл мұнда 7 ата­л­ым бо­йынша 53 үміткер бақ сынады.

Байқаудың Тілдер күні мере­кесіне орайластырылған марапаттау шарасына облыс әкімі Ерлан Қошанов қатысып, жеңімпаздар мен жиылған қауым алдында сөз сөйледі.

– Біздің барлығымыз ұлттың және қазақ тілінің тағдырына бей-жай қарамаймыз. Себебі тек өз ұлты үшін жаны ашитын жандар ғана ана тілінің жанашыры болады. Елбасы жуырда біздің өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Қарағанды Қазақстанның индустриалды жүрегі ғана емес, сонымен қатар тарихы терең мәдени ор­т­алығы екенін атап өтті. Ал мә­де­ниеттің, рух пен тарих­­­­тың тірегі – ол ана тіліміз. Пре­­зи­­­­дент: «Қазақстан бүкіл әлем бо­йын­ша халқы үш тілді еркін мең­­гер­ген жоғары сауатты ел ретін­­де қабылдануы тиіс», деді. Біз ол үшін не істеуіміз керек? Мем­­ле­­кет­­тік тілді дамытып, орыс тілін қол­дап, ағылшын тілін оқуы­­мыз керек. Біз инвесторлар­ды жұмылдырғымыз келеді, бір­лескен бизнес құрып, елімізде туризмді дамытуды қалаймыз. Ол де­геніміз, әрқайсымыз өз ойын ер­кін түрде үш тілде жеткізе алу деген­ді білдіреді, – деді Ерлан Қошанов.

Салтанатты марапат үстінде өңір басшысы сыйлық аталым­дарының тізімін тағы біреуімен толықтыруды ұсынды.

– Бір жыл бұрын «Тіл жан­ашыры» сыйлығын табыс ету барысында біз мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді бақылау және үй­ле­стіру орталығын ашу мәсе­лесін көтерген болатын­быз. Биыл дәл осы салада қызмет ете­тін респуб­лика­мыз­­дағы бірін­ші «Ресурстық тіл орта­лығы» өз жұмысын бастап кетті. Бұл ор­талық аймағымызда латын қарпі­не көшу жұмыстарын рет­тейді. Сондай-ақ біз өткен жылы «Қазақ тілі» қоғамының кеңсесін аштық, – деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Бүгінгі таңда қазақ тілін оқимын деушілер қа­т­ары қалың және ол үшін бар­лық жағ­дай жасалып жатыр. Алайда соны­мен қоса жаңа, тиімді әдіс­тер­ді құру қажет. Осы­ған орай келесі жылы «Ең үздік әдіс­те­ме» ата­лы­мын енгізуді тапсырамын.

Комиссия шешімі бойынша «Тіл жанашыры» сыйлығы мемлекеттік тіл саясатын өңірде белсенді насихаттаушы жеті жеңімпазға табыс етілді. Атап айтқанда, бас жүлде – «Тіл майталманы» аталымына облыстық «Сарыарқа» телеарнасының телебағдарламаларды әзірлеу бөлімінің редакторы Әшмұхан Жанпейісов лайықты деп танылып, жеңімпазға 1 миллион тең­генің сертификаты табыс етіл­ді. «Мемлекеттік тіл – мем­лекет­тік қызметте» аталымында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Айтбай Жұмағұлов үздік шықты. «Тіл жаршысы» аталымы бойынша жүлде «Абай ақиқаты» аудан­дық газетінің директоры-бас ре­дакторы Гүлнұр Әбеуоваға бұ­йыр­ды. «Үздік телехабар» ата­лы­мында «Бірінші Қараған­ды» телеарнасының жүргізу­шісі Гүлнұр Көкиева жеңімпаз атанса, Ж.Ақылбаев атындағы экспери­менттік мектеп-гимназия­сының 10-сынып оқушысы Евгений Янке «Тіл білгірі» аталымында топ жарды. «Жас полиглот» жүлдесі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының ғылыми қызметкері Абылай Кариновтің еншісіне тисе, «Мемлекеттік тіл – бизнесте» аталымы «Нәтиже» ЖШС сүт фабрикасына берілді. Бұл аталымдарда озып шыққан жеңімпаздардың әрқайсысына 250 мыңнан ақшалай сыйлық табыс етілді.

Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы бай­қауы 2012 жылдан бері тұрақ­ты түрде ұйымдастырылып келеді.

Тегтер: Қарағанды, тіл жанашыры, мереке, марапат
Авторы: Қайрат ӘБІЛДА, «Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

62 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер

94 0

ақпарат

Жайықта жаңа әліпби насихатталды

88 0

ақпарат

Өзге елдің өрендері қазақ тілін үйренуге құштар