Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН!

6.9.2018 377
2017 жылдың 31 қазаны күні ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев «Қазақстан Республикасындағы мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойып, онда Қазақстан халқы тілдерінің күні – 5 қыркүйек деп белгіленген болатын. Бұған себеп – қазақ халқының қамын жеп, тіл тағдырына алаңдаған, сол үшін күресіп, аянбай тер төккен Алаш арыстарының бірі, Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Биылдан бастап еліміз қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.

Осыған орай, 5-қыркүйек күні Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ә.Боранбаев атындағы кинотетр залында Қазақстан xалқының тілдер күні мерекесіне орай «Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады» тақырыбында жастар форумы өтті.

Аталмыш шараға қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі Ж.Ғапбасұлы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы О.Өтегенұлы, Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ, колледж оқытушылары мен қаламыздың жалынды жастары мен тіл жанашырлары қатысты. Салтанатты шарада құттықтау сөз алған Ж.Ғапбасұлы тұрғындарды Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесімен құттықтап, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен ағылшын тілін үйретіп жатқан тілдерді оқыту орталығына алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Сонан соң мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосқан бірқатар қала азаматтарына («Қазақ тілін латын қарпіне көшіру» жобасы бойынша құрылған АТТ мүшелері – Ж.Ғапбасұлы, Г.Елтебаева, Қ.Есмағанбетов бастаған «Арқалық хабары» газетінің ұжымы, түрлі байқауларға талапты да талантты жастарды қатыстырып жетекшілік еткен колледжі ұстаздары – С.Жиенбаева, С.Қапаров, Ш.Әуезова, т.б.) алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.


Сондай-ақ, шара барысында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарды тонның ішкі бауындай бірлігін бекем етіп, бауырына басқан қазақ елінде орнаған мызғымас татулықтың көрінісі ретінде өзге ұлт өкілдері өз ана тілдерінде қала тұрғындарын құттықтап, халықтық билерін тарту етті.

Барша қазақ елінің мерейлі мерекесі күні сөздері қарымды, жүздері жалынды қала жастары да мінберден сөз алып, тіл жайын, «Латын әліпбиі» жайлы ой-пікірлерін, көзқарастарын білдірді. Олар – аталған орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген «Тіл-парасат», «Тілдарын», «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», т.с.с. қалалық, облыстық байқауларының жеңімпаздары! Олар жеңімпаз ғана емес, олар тіл тағдырына алаңдап қана қоймай, бойларындағы таланттарымен қазақ тілінің мерейін үстем етуге өзіндік үлес қосып келе жатқан жастар, болашақ тіл мамандары! Әсіресе сөз сөйлеген жастар арасында «қазақ тілін туған тілінен кем көрмейтін» орыс қызы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Любовь Васецкая қалың көрермендерді патриоттық сөздерімен тәнті етті.

Форум соңында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні және қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Көркем сөз – көңіл тілі» бейнебайқауы, «Тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынов» шығармалар мен мақалалар байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға орталық атынан мадақтамалар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Сондай-ақ, айтулы күні кештің көркін қыздырып, сәнін келтірген өнерпаздар мен ұйымдастыруға үлес қосқан мекеме (қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, №2ОҒӘК, мәдениет сарайы) ұжымдарына да құрмет көрсетілді.

Көк тудың астында қаншама ұлтқа пана болып, татулық пен бірліктің тұғырын тік ұстаған Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі осылайша өз деңгейінде аталып өтілді.

Жазира Мизамханқызы,

Арқалық қаласы әкімдігі, тілдерді оқыту орталығының әдіскері

Тегтер: Ахмет Байтұрсынов 145 жыл, тілдер күні, лтын әліпбиі жастар форумы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

514 0

ақпарат

"Әйел" деген сөз де - кеңес кезінен қалған саясаттың зардабы!

456 0

ақпарат

"Шонжы" атауын "Әлмерек" деп өзгертуге болмайды

517 0

ақпарат

Үштілділіктің мақсаты – мемлекеттік тілді қажет етпеу ме?