"Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" көшпелі семинары өтеді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

29 тамыз, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ ағымдағы жылдың 5-7 қыркүйек күні Ақмола облысының Көкшетау қаласында, Ерейментау және Қоржалжын ауданындарында мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» республикалық семинарын өткізеді.

Шараның мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық болмысымызды бабалар тілімен жеткізу, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, рухани мәдениетімізді көтеру, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елдімекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.


Баға беріңіз