Оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы
Байқаудың мақсаты – ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау, қолдау, оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру, озық тәжірибелерді тарату.
Шара республикалық байқау қатысушыларының тәжірибелік сабақ үлгісін көрсету, электрондық портфолионы таныстыру және педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмалар кезеңдерінен тұрады.
Аталған шараға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс оқытушылары қатысады.
Республикалық байқау жеңімпаздарын әдіскер-ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Қостанай қаласы, 2018 жыл 4-5 қыркүйек.
Өтетін орны: Қостанай қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.
Басталуы: сағ: 10.00
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-99-11, 27-71-38
Баға беріңіз