Қазақ тілін тегін үйретеді

Жуырда ғаламтор желісінен Алматыда «AlmaClub»-ының ашылып, сол жерде қазақ тілінен тегін сабақ берілетінін естігенімде қатты қуандым. Тіл үйрету клубының негізін қалаушы Аман Кенжебайұлымен хабарла...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

25 тамыз, 2018

– Негізі осындай клубты ашу көптен ойымда жүр еді. Шыңғыс, Ислам атты достарыммен ақылдасып, бір жұма аясында іске асырдық. Сабақ өт­кізетін ғимарат та дереу табылды. Ғимартты жеңілдікпен жалға бергені үшін Достық үйіне алғысым шексіз.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Кім не десе де, болашақта бәрі қазақша болады. Сондықтан біздің азаматтар қиналмай, қысылмай қазақ тілінде сөйлеуге дайын болуы керек. Көбінесе адамдар «қате сөйлеп қоямын, акцентім бар» деп ұялып, қысылады. Ал біздің мақсатымыз – оларға анық және акцентсіз қазақша сөйлеуді үйрету.Тілді мүлде білмейтіндерге басынан бастап оқытамыз, біз оларды қоғамда қазақша сөйлетуіміз керек. Көбінесе қазақ немесе өзге ұлт өкілі қазақ тілінде нашар сөйлесе оған орыс тілінде жауап бере салады, ол дұрыс емес. Керісінше, тілді білмегендермен қазақ тілінде көп сөйлессек, оларға жақсы тәжірибе болар еді. Екі оқытушымыз бар, Ескендір және Яна деген жас мамандар. Жастары 23 және 25-терде. Ескендір – аудармашы, полиглот. Яна – заңгер.
– Кімнің әдістемесін пайдалана­сыздар?
– Қанат Тасыбековтың методикасын қолданып жүрміз.
– Клубтың жағдайы қалай? Қаты­сушылар көп пе?
– Курсқа 20 шақты адам жазылды. Әлі де хабарласып келгісі келетіндер көп. Келем деушілерге есік әрдайым ашық.
– Алда осындай клубтарды басқа да қа­лаларда ашу жоспарларыңыз бар ма?
– Жоспарларымыз көп. Әзірше осы клубты дамытқан жөн.
Айтпағымыз, елімізде тіліміздің дамуына атсалысып жүрген осындай азаматтардың еңбектері жемісін берерінен үміт мол.


Баға беріңіз