Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Латынға көшу - заман талабы

22.8.2018 407

«Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ бастамасымен «Нұршаңырақ» қоғамдық қоры 2018 жылғы 6 тамызда "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшуін халыққа түсіндіруді ілгерлету жұмыстары бойынша Меңдіқара ауданының Боровское ауылы және Михайлов ауылдық округінде кездесу өткізді. Халықпен кездесуде облыстық ақпарттық - түсіндіру тобының мүшелері Жүрсінәлина Гүлжанат Құрмашқызы, Айткужинова Сауле Нұртасқызы және аудандық ақпараттық -түсіндіру тобының мүшесі Есетова Алтыншаш Қарабайқызы ауыл тұрғындармен «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың өзегі», «Латынға көшу – заман талабы» тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кездесуде «Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Тәженова Жанат Мухитденқызы сөз алып, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақ тілінің латын қаріпіне кезең-кезеңмен көшуі бойынша тұрғындармен ой бөлісті. Михайлов ауылдық округіндегі кездесуде «Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ ауыл тұрғындарымен «Латынға көшу - 2025» акциясын өткізді. Акцияда ауыл тұрғындары қазақ тілінің кириллицадағы әліпбиімен латын қарпіндегі әліпбиін қолдана отырып, өз есімдерін латын графикасында қағаз бетіне түсірді. Кездесу қатысушылары латын қарпіне көшу бойынша өз ой-пікірлерін айтты. Іс-шара қатысушылары Елбасының бұл бастамасын жүзеге асыруда қолдау білдіретіндігін айтты.

Тегтер:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

514 0

ақпарат

"Әйел" деген сөз де - кеңес кезінен қалған саясаттың зардабы!

456 0

ақпарат

"Шонжы" атауын "Әлмерек" деп өзгертуге болмайды

517 0

ақпарат

Үштілділіктің мақсаты – мемлекеттік тілді қажет етпеу ме?