Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Шылпылдақтар аталық», «белбеу әйел»…

20.8.2018 293

«Kari» аяқ киімдер мен аксессуарлар дүкеніне барғанмын. Аяқ киімдер қатарын аралап жүріп, бір қораптағы жазуға көзім түсті. Күлкі келтіреді. Осындай да аударма болады екен-ау. «Шылпылдақтар әйел» дейді. Ол – жазғы аяқ киім түрі. Қызық үшін басқа аяқ киімдердің қораптарына да назарым ауды: «Туфлялар жаздар әйелдер», «Балеткалар барлық маусымдық әйелдер», «Полубәтеңкелер аталық демисезон», «Шылпылдақтар аталық»… Осылай жалғаса береді. Бойымды қызығушылық билеп кетті. Тек аяқ киімдер сөресі емес, басқа да тауарларды қарай бастадым. Мына қызықты қараңыз: «Гольфтар созымтал әйелдер», «Гельді қосымша беті», «Әйелдер майысқақ шұлық», «Белбеу әйел», «Әйелдің жаздың бөкебайы»… Аударманың сиқы осындай.

Тілдің лексикалық заңды­лықтары ескерілмеген. «Гелді қосымша беті» деп отырғаны – гельден жасал­ған ұлтарақ. Ал «әйелдің жаздың бөкебайы» – жазғы орамал. Оны әйелдерге арналған деп сипаттаудың қажеті жоқ, себебі ерлерге арналған орамал болушы ма еді? Мойын орамал болса, бір сәрі. «Әйелдер майысқақ шұлық» – «Носки элестичные женские». Ал «белбеу әйел» – әйелдердің белбеуі.

«Женский» сөзінің бәрін «әйелдер» деп аудара берген. «Мужской»-дың аудармасы тіпті сорақы – «аталық». Қазақ ті­лінде «аталық» деп хан ордасында тақ мұрагеріне әскери тәрбие беретін және оқытатын жоғары мәртебелі адамды айтады. Сонымен бірге биология ғылымында бұл сөз репродуктивті ағзаларға, жануарларға қатысты қолданылады. Ал ер адамдарды «аталық» деп аудару… Айтарға сөз жоқ. Жалпы, бұл «Кари» аудармасы туралы бірінші рет айтылып отырған жоқ. Осыдан екі-үш жыл бұрын да жергілікті телеарна тілшілері де дабыл қаққан. Компания оны масаның ызыңы құрлы көрмеген сынды.


Халықаралық дүкендер желі­сінің білдей бір экспорт жасап отырған елдің тілін құрметтемеуі… Әйтпесе, бір ғана Қазақстанда осы «Kari»-дің қырыққа жуық бөлімшесі бар. Бір сауатты аудармашы жалдауына болар еді-ау?! Әйтпесе, ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдығы Заңының 25-бабында тауар туралы ақпарат құжаттамада, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда қазақ және орыс тілдерінде жеткізілуі тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарау, 1-Параграфында да сауда қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы тәртіп қарастырылып, онда сатушы (өндіруші, орындаушы) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (өндіруші, орындаушы) туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты ұсынатыны анық жазылған. Ал «Kari» тауардың атын қазақшалапты деп айта аламыз ба? Иә, десек, бұл қандай қазақ тілі? Ойымыздағы сауалды дүкеннің әлеуметтік желідегі парақшасына жолдадық. Қателерді де көрсеттік. «Біздің брендке көңіл бөлгеніңізге рақмет. Сіздің айтқандарыңыз құзырлы мамандарға жеткізілді. Жоғарыда көрсетілген факт бойынша тексеру жүргіземіз» деген жауап алдық. Сенейік. Тексерілетініне. Түзетілетініне.

Тегтер: жарнама, сақау жарнама, қазақ тілі, дүкен

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

185 0

ақпарат

Балалары орысша сөйлейтін келіншек жанайқайын жеткізді

155 0

ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН!

159 0

ақпарат

​Жазғы демалыс лагеріне іс-сапар