Қаскелеңде сынама ұйымшылдықпен өтті

Тіл – ұлттың жаны. Тілі жойылған күні ұлт та өзінің кескін-келбетін, мәртебесі мен мәнін жоғалтады. Міне, тілімізді сақтаудың төте жолы латын графикасына көшіру.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 тамыз, 2018

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, барлық салада оған басымдылық беру бағытында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қаскелеңдегі Сүлеймен Демерел университетінің дәріс залында латын графикасына негізделген жаңа емле ережелер жобасын сынамадан өткізді.

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, Қоғам қайреткері,саясаттанушы Дос Көшім және орталықтың ғылыми қызметкерлері сынақ сауалнама жүргізді.

Сынамаға Сүлеймен Демерел университетінің оқытушылары мен студенттері жалпы саны 60 адам қатысты.

«1991 жылдан бастап, бүкіл жоғары оқу орындары әдеби, ғылыми оқулықтарды қазақ тіліне көшіруі керек еді. Бізде ондай жұмыс жасалмады, орыс тілі бар деп жүре бердік. Ресейдің өз өмірінен мысал келтіруге болады. 18 ғасырдың орта кезінде орыстың оқу орындарындағы кітаптар неміс, француз тілінде еді. Ломоносов келді де, жиырма жылдың ішінде орыс тілін ғылым тіліне айналдырып жіберді. Осы мәселені кезінде алаштықтар іске асыруға батыл кіріскен. Әлихан Бөкейхановтың бастауымен «ертең мемлекет болсақ, қазақ тілі ғылым тілі болуы керек» деп арнайы жиырмадан артық ғылымның саласында кітаптар жазғызыпты. Соның бірі Қаныш Сәтпаев 22 жасында жазған «Алгебра» оқулығы. Осы кітапті латын әрпінен біздін жазуға аударған досым мұндай кітап тек Францияда ғана бар екенін айтып таң қалып отыр. Білімді азаматтарды жеке-жеке бөліп кітаптар жазғызыпты. Медицина саласына Қаратаевты бөліпті, әдебиетке Байтұрсыновты, «Педагогиканы» Мағжанға, «Психологияны» Жүсіпбекке тапсырыпты. Сонда ғана қазақ тілі көгереді деп ойлаған. Ал біздің қолымызда бәрі бар, бірақ жүйелі дүние жасалып жатқан жоқ. Шындығында да қоғам өзгерісімен бірге тілдің де кейбір қасиеті өзгереді. Қазіргі кездегі тілдің қысқартылуы, тек қажетті сөз байлығыменен өмір сүре беру деңгейі бізге де енуде. Бүкіл халық тілді жоғары деңгейде сөйлеуі үшін, мемлекетте тілге деген қажеттілік туып, мемлекет бойынша сол тілде сөйлей бастаса, сонда тілдің сөздік қоры көбейеді, Синонимдер қосылады. Бұл күнде бізде тек қазақ тілінде сөйлесе екен деген талап қана бар. Тіл қоғам болып жаппай сөйлегенде өседі. Жоғары басқышқа қарай көтеріледі.»-деді Қоғам қайреткері,саясаттанушы Дос Көшім.

Сынаққа қатысқан Сүлеймен Демерел университетінің оқытушылары мен студенттері жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық таныттып, қызу талқылады.


Баға беріңіз