Оқу орындарының тәжірибесі маңызды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демерел университетінде қа...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 тамыз, 2018

Сүлеймен Демерел университеті оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай оқу орны. Университет бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламалары саласында сапалы білім беруді қамтамасыз етуде. Сонымен бірге, студенттердің интеллектуалды потенциалы мен адамгершілігі алғашқы орында. Біз университетте болып, латын әліпбиіне көшіру барысында істеліп жатқан жұмыстарымызбен бөлістік.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық насихат жұмыс тобының жетекшісі, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, қоғам қайраткері,саясаттанушы Дос Көшім, сынамаға қатысушылар алдында қазақ әліпбиін латын графикасына көшудің маңыздылығын ғылыми негіздермен көпшілікке түсіндірді.

Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «...Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» - деуі қазақ елінің бұл істерге дайын екендігін білдіреді. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ел үшін ең биік белес.


«Қай әліпби болсын сол халықтың мәдени болмысын аңғартатын айғақтардың бірі. Өйткені мәдени мұра, мәдени жәдігерлер әліпбиде сақталады, әліпби арқылы келесі ұрпаққа жетіп отырады. Қай әліпбидің болсын осындай тарихи миссиясымен бірге оның заманауи міндеттері де болады. Елбасы осы ретте: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай­ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп, бұл әліпби қазақстандық қоғамның жаңа кезеңдегі ең қажетті таңдауы екендігін айтты. Қазақ өз тарихында тұңғыш рет өз әліпбиін мемлекеттік деңгейде таңдап отыр. Бұл ел тарихындағы аса ірі оқиға. Со­нымен бірге әртүрлі тарихи, саяси, әлеуметтік себептермен дү­ниенің түкпір-түкпіріне тарап кеткен қазақ баласы ортақ әліп­биге ие болады. Бұл қандастарымыздың қатынасы үшін аса маңызды қадам. Жалпы жаңа әліпбиі тәуелсіз сананың жаңғы­руына бастайды, дүниені тануымызды оңайлатады.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үшін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» құрылып, білікті мамандармен қамтамасыз етілуде. «Тіл-Қазынаның» бүгінгі таңдағы ең маңызды міндеті – жаңа ліпбидің емле ережелерін дайындау жұмыстарын үйлестіру. Қазір бұл ережелердің жобалық нұсқасы дайындалып, оның аробациясы Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей, Көкшетау, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы қалаларында өтті. Енді Каскелең қаласында өткізілуде. Халықтың жаңа әліпбидегі сауаттылығын қамтамасыз ету үшін емле ережелерімен бірге қазақ тілінің жаңа орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктері дайындалады» – деп ойын түйіндеді Ербол Тілешов.

Ал қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық насихат жұмыстарының пәрменділігін арттыру қажеттігіне көңіл аударды.

«....бұл реформаны орыс тілінен, орыс мәдениетінен алшақтау не болмаса түрік тілі мен түрік әлеміне жақындау деп түсіну дұрыс емес. Яғни, ешқандай саяси астары жоқ. Бір ғана мақсат – қазақ тілін әлемдік деңгейге көтеру.Латын графикасы бірізділікеке жетер жол іспетті. Қазақ тілін қоғамдық өмірдің барлық саласында жұмыс істейтін дәрежеге жеткізудің бір жолы – халықаралық тәжірибеде өзінің тиімділігін дәлелдеген жолын - көрсету артық болмас деп ойлаймын» деп кездесуді түйіндеді қоғам қайреткері,саясаттанушы Дос Көшім.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпарттық насихат жұмыстарына қатысушы Сүлеймен Демерел университеті студентері мен оқытушылары жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық танытып, қызу талқылады. Жетілдіру қажет ететін тұстары туралы ұсыныстарын айтты.


Баға беріңіз