Сынама министрліктерде өтті

​Қазақ жазуы қалыптасқаннан бастап-ақ орфографиялық норма, емле, оны біріздендіру тәрізді шаралар бәсеңдеген емес ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атынд...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 тамыз, 2018

Ақпарат және коммунмкациялар, Ауыл шаруашылығы, Әділет, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Инвестициялар және даму, Қаржы, Қоғамдық даму, Қорғаныс, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер, Ішкі істер, Ұлттық экономика және Ден-саулық министрлігінің, А.Байтұрсынұлы білім академиясының, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агеттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық басқармалары мен департаменттер қызметкерлері, «Қазақстан», «Хабар», «Егемен Қазақстан», «Казинформ» журналистері қатысты. Сынаққа жалпы саны 700 жуық адам тартылды.

«Қазақ тілінің әліпбиі мен емлесі тарихына терең үңілетін болсақ, ереженің өзгеруі екіжақты үрдіске негізделеді екен: тілдің ұлттық болмысын тұрақты сақтап қалу және қоғам талабына орай бейімдеу. Қазіргі таңда латын негізді қазақ әліпбиі бойынша емле жасауда қазақтың табиғатына тән сөйлеу ерекшелігіне сүйеніп жасалуда. Бүгінгі күні қоғамда емле ережелеріне бағынбаудан туындайтын жағдайлар дұрыс жазудың бірізділік қалпын сақтай алмай отыр. Демек, емле ереже­леріне қатысты мәселелерді жиі талқылап, жұртшылыққа насихаттап отыруымыз керек. Оны күн­делікті жалпы халық тұтынатын болғандықтан да, ол – әлеу­меттік құбылыс. Яғни егер біз үнемдеу принципін қолданбай, фонетикалық принципке жүгінсек, сөздердің жазылуында шұ­балыңқылыққа жол берер едік. Бұл лингвистикалық, психо­логиялық қосымша кедергілер қалыптастырып, әліпбиді, жазу дағдысын игеруді ұзақ уақытқа созып жібереді. Ендігі мақсат мақұлданған емле концепциясына сай жаңа әліпбидің ережелерін дайындау және оны сынақтан өткізу болады. Соның дәлелі Астана қаласында өткен кең ауқымды сынақ сауалнама жүргізу шарасында көреміз»-деді Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістемелік бөлімінің басшысы Сабира Сапина.

Сынаққа қатысушылар жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық танытып, латыннегізді қаріптермен жазуға ерекше ықылас білдірді.


Баға беріңіз