«Сен сұлу» атты арулар байқауы

13 тамыз, 2018

8 – наурыз халықаралық әйелдер күніне орай,

қазақ тілі курсы тыңдаушыларының арасында өткен «Сен сұлу» атты арулар байқауының әзірлемесі

Мақсаты:

Сайысқа қатысушыларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтау және қазақ халқының ұлттық сал-дәстүрлерін білуі мен тілді меңгеруін бағалау.

Түрі: байқау

Көрнекілігі: слайд, видео, музыка, т.б.

Барысы:

Фанфар

1-жүргізуші:

Сұлулықтың дүниеде барын қарап

Аққайың да ұрлана таңырқамақ

Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай

Ес еркінді әкеткен барымталап.

2-жүргізуші:

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.

1-жүргізуші:

Армысыздар, алтындай ардақты, жібектей сызылған, мақпалдай масаты, қарлығаштын қанатындай қиғаш қасты, раушан гүлдей хош иісті сымбатты арулар! Қадірменді көрермен!

2-жүргізуші: Қайырлы кеш тыңдаушылар!

1-жүргізуші:

Күн нұрын төгіп, табиғат түрленіп жатқан шақта бәріміз асыға күтетін мереке 8-наурыз халықаралық әйелдер күні. Бұл күн әрбір шаңырақтың бейбіт күннің бесігін тербеген ардақты ана, асыл жар, аяулы арулардың мейрамы.

2-жүргізуші:

Көктемгі күннің көзіңдей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

1-жүргізуші:______________ білесің бе? Бүгін тілдерді оқыту орталығында қазақ тілі курсы тыңдаушыларының арасында мерекеге орай «Сен сұлу» атты арулар байқауы өткелі отыр.

2-жүргізуші:

Ендеше не тұрыс мерекенің сәні айдай сұлу аруларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

(музыка фон)

1-жүргізуші:

1-аруымыз «Кристи» сауда орталығының сатушысы -Абушаева Татьяна Ахмедсафовна

2-жүргізуші:

2-аруымыз Такси «Аркалык» жеке қожалығының диспетчері - Иванютенко Елена Александровна

1-жүргізуші:

3-аруымыз Такси «Аркалык» жеке қожалығының диспетчері - Палевич Елена Викторовна

2-жүргізуші:

4-аруымыз «Агроинтерқұс» ЖШС, қойма бастығы - Гусак Наталья Александровна

1-жүргізуші:

5-аруымыз№2 жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Батищева Татьяна Александровна

2-жүргізуші:

6-аруымыз «Қостанай Пластик» мекемесінің директоры, жеке кәсіпкер - Лейкер Светлана Викторовна

1-жүргізуші:

Пай-пай! Көктемнің сұлулығын ілестіріп келген, әлемге әсемдік, жүрегімізге сұлулық сыйлап, қыр гүліндей құлпырған қыздарымыз қандай керемет.

Олай болса, осындай сұлу да сымбатты қыздарымызды бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:

Қазылар алқасының төрағасы: «Арқалық қаласы төтенше жағдайлар бөлімі» ММ-нің бас маманы – Хасенов Самат Бақытұлы

2-жүргізуші:

Қазылар алқасының мүшесі: «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының оқу ісі жөніндегі орынбасары- Роговой Игорь Иванович

1-жүргізуші:

Қазылар алқасының мүшесі:

Арқалық медицина колледжінің оқытушысы – Қабыланов Бектеміс Жұмабекұлы

2-жүргізуші:

Міне сынға түсетін арулар және оларды бағалайтын қазыларменде таныс болдық. Олай болса, қыздарға дайындалуға рұқсат.

(Қатысушылар МУЗЫКА ырғағымен дайындалуға шығып кетеді)

1-жүргізуші:

Аруларға қошеметтеріңіз.

Құрметті көрермендер сіздерге Жүзбай Шынболат «Менің анам алтын» атты әсем әнін арнамақшы, қарсы алыңыздар! (Ән)

I кезең. «Сәлем – сөздің атасы» (слайд. Әр тыңдаушыға)

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді - дей келе, байқауымыздың бірінші кезеңі бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

(қатысушылар кезекпен кезек шақырылады)

1-жүргізуші: 1-аруымыз Абушаева Татьяна Ахмедсафовна

2-жүргізуші: 2-аруымыз Иванютенко Елена Александровна

1-жүргізуші: 3-аруымызПалевич Елена Викторовна

2-жүргізуші: 4-аруымызГусак Наталья Александровна

1-жүргізуші: 5-аруымызБатищева Татьяна Александровна

2-жүргізуші: 6-аруымыз Лейкер Светлана Викторовна

(Тыңдаушылар кезекпен кезек өздерін таныстырып өтеді.)

II кезең «Өнерлі өрге жүзер» (слайд)

2-жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Ас мәзірін әзірлеп, ал біреулер би билеп, ән салыпты
Бүгінгі өткен байқаудан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

Өз өнерлерін көрсеткелі тұрған аруларымызға қошеметтеріңіз!

(қатысушылар кезекпен кезек шақырылады)

1-жүргізуші: Абушаева Татьяна

2-жүргізуші: Иванютенко Елена

1-жүргізуші: Палевич Елена

2-жүргізуші: Гусак Наталья

1-жүргізуші: Батищева Татьяна

2-жүргізуші: Лейкер Светлана

ІІІ кезең: «Қыздарға әсемдік жарасады» (Слайд)

2-жүргізуші:

Қазақ халқының ою-өрнектермен көмкерілген, ұлттық нақыштағы ұлттық киімдері күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан емес, керсінше заман ағымына сай сәнделіп өзгешеленіп келеді.

1-жүргізуші:

Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік дей келе, аруларымызды

қазақтың ұлттық киім үлгілерімен ортаға шақырамыз.

(МУЗЫКА ырғағымен қатысушылар кезекпен кезек шығып қазақтың ұлттық киім үлгілерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Абушаева Татьяна

2-жүргізуші: Иванютенко Елена

1-жүргізуші: Палевич Елена

2-жүргізуші: Гусак Наталья

1-жүргізуші: Батищева Татьяна

2-жүргізуші: Лейкер Светлана

1-жүргізуші:

Бәрекелді. Аруларымызға қошеметтеріңіз. (қатысушылар шығып кетеді)

ІV кезең: «Қыз еркем – кестесімен көркем» (слайд)

1-жүргізуші:

Бар дүниенің тірегі, махаббаттың асыл нұры, өмір деген алтын сарай есіктің күміс кілті, он саусағынан өнер тамған аруларымыздың іскерлігі мен икемділігін бағалау үшін ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: 1-аруымыз Абушаева Татьяна

1-жүргізуші: 2-аруымызИванютенко Елена

2-жүргізуші: 3-аруымыз Палевич Елена

1-жүргізуші: 4-аруымыз Гусак Наталья

2-жүргізуші: 5-аруымыз Батищева Татьяна

1-жүргізуші: 6-аруымыз Лейкер Светлана

(Үй тапсырмасынан кейін қатысушылар ортада қалып, сұрақ-жауап кезеңін жалғастырады)

V кезең: «Зерделінің ойы озық» (слайд)

1-жүргізуші:

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын дей келе, 5-ші соңғы ақтық кезеңге кезек береміз.

(қоржыннан сұрақтар алып жауап береді)

2-жүргізуші: Аруларымызға көп рахмет, осымен соңғы кезеңіміз аяқталды.

Құрметті қазылар алқасы Сіздерді ақылдасуға шығарып саламыз.

1-жүргізуші:

Ал біз байқауымызды әсем әнмен жалғасақ____________ . Қалай қарайсың?

2-жүргізуші: Әрине, әсем әуен тек қана сіздер үшін арулар.

Ортада Жүзбай Шынболат . Қарсы алыңыздар! (ӘН)

1-жүргізуші:

Осымен құрметті сайысқа қатысушылар, тыңдаушылар бүгінгі «Сен сұлу» атты байқауымызды қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

(Марапаттау)

2-жүргізуші:

Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы

Ержігіттің бірінші ізгі арманы

Тіршіліктің жылуы, сұлулығы

Мына жалған өмірдің гүлзар мәні.

Құрметті сайыскерлер сіздерді бүгінгі жеңістеріңзбен құттықтай отырып, алдағы уакқытта да сіздерге тек қана сәттілік тілейміз. Келе жатқан наурыз мерекесі құтты болсын, келесі кездескенше сау болыңыздар! Барлықтарыңызға көп рахмет!


Баға беріңіз