Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік класы өтеді

10.8.2018 151

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 20-24 тамыз аралығында Астана қаласында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластарын өткізеді.

Аталған шеберлік кластары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын аудармашылардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік кластарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова және тәжірибелі ғалым аудармашылар жүргізеді.

Шеберлік сабақтарына орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұлттық компаниялардың аудармашылары қатысады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87016752660

Тегтер: ілеспе аударма, аударма, себерлік сынып, мастер-класс
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

31 0

ақпарат

«Шылпылдақтар аталық», «белбеу әйел»…

24 0

ақпарат

​Астанада математика мен тілді терең меңгеруге арналған мектеп ашылды

82 0

ақпарат

Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сыныбы өтуде