Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Ақтөбеде апробация өтті

10.8.2018 451
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақтөбеде латын графикасына негізделген жаңа емле ережелер жобасын сынамадан өткізді.

Ақтөбеде қаласындағы 39 мектепте Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Әдістемелік бөлімінің басшысы Сабира Сапина, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Гүлфар Мамырбекова және орталықтың ғылыми қызметкерлері сынақ сауалнама жүргізді.

Сынамаға Ақтөбе облысының барлық басқармалар, департаменттер, әкімдіктер қызметкерлері, оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, әскери қызметшілер қатысты. Сынаққа жалпы саны 250 адам қатысты.

«Әліпби тек лингвистикалық құбылыс қана емес. Оны күн­делікті жалпы халық тұтынатын болғандықтан да, ол – әлеу­меттік құбылыс. Яғни егер біз үнемдеу принципін қолданбай, фонетикалық принципке жүгінсек, сөздердің жазылуында шұ­балыңқылыққа жол берер едік. Бұл лингвистикалық, психо­логиялық қосымша кедергілер қалыптастырып, әліпбиді, жазу дағдысын игеруді ұзақ уақытқа созып жібереді. Ендігі мақсат мақұлданған емле концепциясына сай жаңа әліпбидің ережелерін дайындау және оны сынақтан өткізу болады. Соның дәлелі бүгінгі Ақтөбедегі сынақ сауалнама жүргізу шарасы»-деді Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістемелік бөлімінің басшысы Сабира Сапина.

Сынаққа қатысқан қауым жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық таныттып, қызу талқылады.

Тегтер: пробация, сынамы, Ақтөбе, латын
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

55 0

ақпарат

​Тренинг – дағды қалыптастыру тәсілі

80 0

ақпарат

​«Латынша жазамыз» акциясы жүруде

25 0

ақпарат

Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің ұлттық коды