Ақтөбеде жаңа әліпбидің емле ережесіне қатысты жиын өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

10 тамыз, 2018

Қоғамдағы жаңғыру міндетті түрде белгілі бір дәстүрлі және жаңа алғышарттарды қажет етеді. Бұл адамзат дамуының жалпы диалектикасы. Қазіргідей адамзаттық даму үдерісі тез өзгеріп жатқан жаһандану кезеңінде осындай алғышарттарды жүйелеп алу қай қоғам үшін де аса маңызды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңіне арналған тарихи бағдарламалық еңбек. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақтөбе қаласында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпарттық насихат жұмыстарын өткізді.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық насихат жұмыс тобының жетекшісі, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл–Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева сынамаға қатысушылар алдында Қазақ әліпбиін латын графикасына көшудің маңыздылығын ғылыми негіздерге сүйене отырып түсіндірді.

Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» - деуі қазақ елін жаңашыл істерге бастайды. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ең межелі істердің бірегейі. Жаңа технология мен ілкімді істерді меңгеруіміздің кілті – латында.

Ақтөбеде өткен жиында Е.Тілешов:

- Латын әліпбиіне көшуге мемлекет тарапынан барлық ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бұл қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау 2017 жылы жүзеге асырылады. Одан кейінгі уақытта осы жаңа әліпбиді үйрететін мамандар және қажетті оқу құралдары дайындалады. Қазіргідей ақпараттық кезеңде жаңа әліпбиді енгізу шаралары әрі сапалы, әрі жылдам жүретініне қажетті алғышарттардың барлығы да бар. Латын әліпбиіне ең алғаш көшейін деп жатқан қазақ емес, бұл тарапта халықаралық тәжірибелер әбден жинақталған, жетерлік. Еуропаның, Латын Америкасы­ның мысалы керек пе, түркі халықтарының мысалы керек пе, не қажет соның бәрін мұрағат пен кітапханаға барып із­деп аяғыңыздан таусылмайсыз, баршасы интернетте самсап тұр. Әсіресе, бізді ең қызықтыратын түрік, әзірбайжан, өзбек, ғағауыз, түркімен, қырым-татар ағайындардың латын әліпбиін еңгізудегі жетістіктерін де, кемшіліктерін де әлемдік ақпарат қазанынан қалауыңызша қарпып аласыз. Сонда көзіңіз латын әліпбиінің ықшамдылығына, ыңғайлылығына жететін болады. Қазақ өз тарихында тұңғыш рет өз әліпбиін мемлекеттік деңгейде таңдап отыр. Бұл ел тарихындағы аса ірі оқиға. Со­нымен бірге әртүрлі тарихи, саяси, әлеуметтік себептермен дү­ниенің түкпір-түкпіріне тарап кеткен қазақ баласы ортақ әліп­биге ие болады. Бұл қандастарымыздың қатынасы үшін аса маңызды қадам. Жалпы жаңа әліпбиі тәуелсіз сананың жаңғы­руына бастайды, дүниені тануымызды оңайлатады» – деп ойын түйіндеді.

Ал грамматика маманы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық насихат жұмыстарының тиімді жүргізу. Маңызды емле мәселесінің аса қажеттілігіне көңіл аударды.

«Қазақ тілінің әліпбиі мен емлесі тарихына терең үңілетін болсақ, ереженің өзгеруі екіжақты үрдіске негізделеді екен: тілдің ұлттық болмысын тұрақты сақтап қалу және қоғам талабына орай бейімделу. Қазіргі таңда латыннегізді қазақ әліпбиі бойынша емле жасауда қазақтың табиғатына тән сөйлеу ерекшелігіне сүйене отыра ықшамдау. Бүгінгі күні қоғамда емле ережелеріне бағынбаудан туындайтын жағдайлар дұрыс жазудың бірізділік қалпын сақтай алмай отыр. Демек, емле ереже­леріне қатысты мәселелерді жиі талқылап, жұртшылыққа насихаттап отыруымыз керек» - деді А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева.

Сондықтан латыннегізді әліпбидің емлесінің соңғы нұсқасын жетілдіруде жастармен, тіл мамандарымен санасып, олардың ойын ескерудің негізі осы-сынама қортындысына байланысты. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпарттық насихат жұмыстарына қатысушылар жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық танытып, қызу талқылады.


Баға беріңіз