Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Көрнекі ақпаратта атадан қалған асыл сөз

3.8.2018 983
Сыртқы көрнекі ақпарат көпшіліктің назарына іліне отырып, оларға әсер етудің басты жолы. Күнделікті тұрмыста халық мақал-мәтелдер арқылы қазақ тілін білу деңгейін көтеріп, көркем сөзге бір қадам жақын болады. Аталы сөздер халық даналығына баулуда ерекше рөл атқарады. Осыны ескере отырып, көшедегі жазбаның күшін еліміздің игілігіне оңтайлы пайдалана білуіміз қажет.

Дәл осы идеяны қазіргі таңда Түркістан облысы жақсы жүзеге асыруда. Халықтың көп жиналатын жері – базарда мынадай үлкен жазбаны көруге болады: «Өз тіліңді – өшірме, өшіргенді – кешірме». Мақал-мәтелдердің тақырыбы алуан түрлі: Отан, тіл, діл, білім, еңбек, туған жер.

Шымкент. Базар.

Аталмыш жазбаларда мемлекеттік тілге ерекше көңіл бөлінетінін аңғаруға болады.

Шымкент. Базар.

Сонымен қатар Шырайлы Шымкентте тазалықты насихаттауға айрықша мән беріледі. Осы бағытта да біраз жұмыс атқарылуда. Астыдағы фотосуретке қатысты қосымша айтып өтетініміз: Астана мен Алматының аударма жасаудағы үлкен қатесі – орыс тілінен тікелей аудару. Қазақ тілінің сөздік қоры кез келген ойды көркем, ұғынықты һәм кәсіби түрде жеткізуге мүмкіндігі бар. Орыс тілін «асқар таудың шыңы» ретінде қарастыруды қойған жөн. Көрнекі ақпаратты ресімдеуге тәжірибесі мен білімі жетпей тұрған жергілікті атқарушы органдар (Тілдерді дамыту басқармалары) кәсіби мамандардың қызметтеріне жүгінуге тиіс.

Шымкент. Вокзал.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылы.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы.

Еліміздің әрбір қаласы мен ауылы қазақтың аталы сөзіне толы болуға тиіс. Осы арқылы үлкен идеологиялық жұмыс атқарамыз. Мақал мәтелдің мағынасы терең, сөзі көркем болғандықтан, оның бала тәрбиесінде де үлкен рөл атқаратынын ескергеніміз жөн.

Тегтер: қазақ, тіл, үйрену, ұлт

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

211 0

ақпарат

Қос тілді фильмдерге тоқтау бола ма?

866 0

ақпарат

"Әйел" деген сөз де - кеңес кезінен қалған саясаттың зардабы!

672 0

ақпарат

"Шонжы" атауын "Әлмерек" деп өзгертуге болмайды