Абай топырағында жалғасқан апробация

Қазақ жазуының уақыт талабына сай латын графикасына көшірілуі – Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей қолдауы мен жүзе асырыла бастаған тəуелсіз Қазақстанның тəуелсіз өз шешімі. Қазақстан Республикасы Мәде...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 тамыз, 2018

Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістемелік бөлімнің басшысы Сабира Сапина, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі Нәзигүл Төленбергенова, Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының терминология және ономастика бөлімінің жетекші ғылымы, филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Ысқақова және аталған орталықтың мамандары сынақ сауалнама жүргізді.

Ақпараттық-насихат жұмыс тобы латын графикасының маңыздылығына тоқталды. Жазу жеңіл де айқын, оқу нақты да қазақ тілінің дыбысталуымен, ішкі заңдылықтарымен сəйкес келгені абзал. Осы бағытта тілшілеріміз, жазуға қатыстысала мамандары көп ізденіп, жұмыс жүргізуде. Қазірден емле ережелер жобасын пысықтауымыз, жеті рет өлшеуіміз, ойлануымыз, ізденуіміз керек. Өйткені болашақ бүгінен басталады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласы: дәуірлік талаптар және жаңа қазақ әліпбиі атты ақпараттық-насихат тобының жетекшісі, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов, Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығының терминология және ономастикабөлімінің жетекші ғылымы, филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Ысқақова сынамаға қатысушылар алдында баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.

«Кез келген ұлттың ұлттық тілін айшықтап тұратыны оның әліпбиі. Тілдің қанатын кеңге жаюы да, бәсекеге қабілетті болуы да, өміршеңдігі де әліпбидің орнықты түзілуімен, сапалы жасалуымен өлшенетіні анық. Бұл тұрғыдан келгенде тілдің кемелденуінде әліпбидің алатын орны да ерекше. Онымен тарихымыз қатталып, халықтың дүниетанымы қалыптасады. Жазу мәдениетіміз өркендейді. Әліпбидің білім мен ғылым саласына тигізетін ықпал-әсері де аз емес. Ал жазудың емле ережесі әліибидің жүрегі» деп ойын жалғастырды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов.

Латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері сынақтан өтуде. Оның өміршеңдігі ертеңгі қабылданар емле ережелеріне негіз болады. «Кез келген елдің тарихы мен мәдениетінің көрсеткіші мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болуы тиіс. Сондықтан латын әліпбиіне көшу – қазақ тілініңжаһандану үдерісіндегі ақпараттық кеңістікке кірігуіне жаңа мүмкіндіктердің ашылуы деп білген жөн. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу – Қазақстан халқының алға ұмтылуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, халық игілігіне қызмет етеді деп ойлаймыз. Бүгінгі латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері сынамасы игілікті істердің бастауы. Сіздердің ой-пікірлеріңіз маңызды» – деп ойын ұштады Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі Нәзигүл Төленбергенова.

Сынамаға қаладағы барлық басқармалар, департаменттер, әкімдіктер қызметкерлері, оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, ЖОО студенттері қатысты. Сынаққа жалпы саны 150 адам қатысты, оның ішінде жартысынан көбі басқармалардың қызметкерлері.

«Тілдің барлық жанашырлары, білікті ғалымдардың латын әліпбиін тілімізге енгізудің пайдалы жақтарын жан-жақты талқылап, талдап айтып жатқаны баршамызға аян. Осыған орай, әліпбиге сәйкес емле ережесінің жобасы жазылып, жер-жерде сынамаға ұсынылып жатыр. Емле ереже жобасында ең басты ескерілетіні – латын әліпбиіне негізделген қазақ тіліндегі үндестік заңының сақталуы. Кирилнегізді әліпби бойынша жазылған емле ережесінде үндестік заңы толық сақталмағандықтан, орфографиялық ережемен сөйлеу санаға әбден сіңіп кетті. Қазақ сөзінің табиғатын білетіндер үшін, әрине, орфографиялық ережемен сөйлеудің құлаққа түрпідей тиетіні сөзсіз. Тек кейінгі ұрпақ үшін бұл қалыпты жағдай. Сондықтан да, жаңа берілетін ереже аталған кемшіліктерді жоюға қызмет ету керек. Ғалым Нұргелді Уәли «Жазу теориясында әріп саны мағына ажырататын дыбыс санынан көп болмауы, керісінше кем болуы керек. Бұл – озық әліпби үлгісі»,-дейді. Орынды пікір екеніне дау жоқ. «Бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын басшылыққа алған, әрине, дұрыс-ақ, бірақ ол сөз табиғатын сақтауға көмектесе ала ма?! Сондықтан, менің ойымша, кей сөздерде орфографиялық та, орфоэпиялық та заңдылықтарды сақтау ұстанымында болуымыз керек сияқты. Мысалы, қыркүйек [қыргүйөк], Аякөз [Аягөз] біріккен сөздерді алатын болсақ, бұлар «қыр» және «күйек», «ая» және «көз» сөздерінің бірігуінен жасалып тұрғаны белгілі. Жеке тұрғанда, олардың қандай мағына беретінін, бірігу нәтижесінде қандай мағына беретінін түсіндіре аламыз ғой. Ал бұл сөздерді жеке тұрғанда,«гүйөк», «гөз» деп айта алмаймыз. Олай болса, мұндай жағдайда орфографиялық та, орфоэпиялық та заңдылықтарды қолданғанымыз өте орынды болар еді, яғни, кейбір сөздерді ағылшын тіліндегідей транскрипция арқылы беруге болады. Оның өзінде де айтылуы мен жазылуында ағылшын тіліндегідей елеулі айырмашылық болмайды.

Қарағанды, Өскемен, қалаларында өткізілген сынамаға қатысушылар Президент Жарлығымен бекітілген латын графикалы әліпбиге байланысты, оның ішінде акут пен диграфтарға байланысты пікірлерін білдіріп, әліпбиге өзгеріс енгізілу мүмкіндігі бар-жоғын сұрастырып жатыр. Әрине, лингвистикалық реформа бір күннің, яки бір жылдың жұмысы емес. «Көш жүре түзеледі» дегендей, әлі де талқыланып, атқарылар жұмыстар жетерлік. Ең бастысы, Алаш зиялылары айтқандай, әліпбиіміз бұқарашыл болып, анатіліміздің табиғилығын сақтап қалуға қызмететсе екен дейміз»-деді «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығының терминология және ономастикабөлімінің жетекші ғылымы, филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Ысқақова.

Сынама нәтижесінде анықталған статистикалық әрі сапалық мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді.


Баға беріңіз