Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа емле ережелері сынамасы Қарағандыда жалғасты

27.7.2018 279
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Жарлығын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Республикамыздың өңірлерінде латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері жобасын сынамадан өткізу жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, директордың орынбасары Лиза Есбосынова, Әдістемелік бөлімнің басшысы Сабира Сапина және аталған орталықтың мамандары сынақ сауалнама жүргізілді.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен ғана емес, адамдарының бәсекелік қабілеттілігімен айқындалады" деп атап көрсетті. Бүгінгі таңда үш тілді білу – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Мұның негізгі мақсаты бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. Сондықтан, дәстүрлі байқаудың түпкі мәнін түсініп, жоғары жауапкершілікпен қарауларыңыз қажет. - деді Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов.

Сынамаға Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларындағы барлық басқармалар, департаменттер, әкімдіктер қызметкерлері, оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, ЖОО студенттері қатысты. Сынаққа жалпы саны 250-ге жуық адам қатысты, оның ішінде жартысынан көбі басқармалардың қызметкерлері.

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс аумағындағы құзырлы орган ретінде бүгінгі сынама нәтежелерінен туындайтын ұсыныс-пікірлерді жинақтап, Тіл- Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жолдайтын болады. Жоғары оқу орындарының ғалымдары тарапынан берілген ұсыныстар Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясының соңғы нұсқасын әзірлеу барысында ескеріледі деп сенеміз.
Жалпы, әліпби ауыстырудың үш деңгейі бар екен: бірінші – әліпби деңгейі, екінші – таң­ба деңгейі, үшінші – емле-ереже дең­гейі. Жазу – ұлттың тарихы, ұлт мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне әсер ететінін ескерсек, жаңа әліпбидің емле ережелері жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді деген үміт бар. Оның айқын дәлелі бүгінгі латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері жобасын сынамадан өткізу»-деді Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова.

Сынаққа қатысқан қауым жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық танытты, олар шара соңында тарқамай өзара пікір алмасып, қызу талқылады.

Тегтер: қазақ, тіл, латын, Тіл-Қазына, апробация
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

31 0

ақпарат

«Шылпылдақтар аталық», «белбеу әйел»…

24 0

ақпарат

​Астанада математика мен тілді терең меңгеруге арналған мектеп ашылды

82 0

ақпарат

Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сыныбы өтуде