Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Әліпбиді жетілдірудің жолдары қандай?

25.7.2018 301
​Алматыдағы Достық үйінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани тұтастығының негізі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек жүргізді. Іс-шарада белгілі академик, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ғарифолла Есім, Ұлттық ғылым академиясының академигі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының дирек­торы Уәлихан Қалижан негізгі баяндама жасады. Жиын барысында Ерден Задаұлы мемлекеттік тілді латын графикасына кезең-кезеңмен көшірудің жұмыс жос­парына сәйкес қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.

– Қазақ тілі – көптеген шетелдің жоғары оқу орындарында негізгі пән ретінде оқытыла бастады, күн өткен сайын қазақша сөйлеу трендке айналғаны жасырын емес. Біз осы үрдісті тиімді пайдалануымыз қажет. Бүгінгі шараның мақсаты да сол – жаңа ұлттық әліпби жобасын жетілдірудің жолдарын қа­растырып қана қоймай, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді бірлесе отырып, жүйелі әрі оңтайлы шешудің сәті келді. Бұл – кеңесу алаңы, ақылдасу шарасы. Президент Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырма берді. Қиын да күрделі. Сондықтан қағазда жазылған баяндамаларды үстірт оқып шыққаннан гөрі, тілдік реформадағы негізгі проблемаларды атап көрсетіп, жан-жақты талдап, оның себебі мен салдарына тоқталған аса маңызды, – деді Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.
Жиынның спикерлері латын әліпбиіне байланысты ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Академик Ғарифолла Есім: «Тіл – ұлттың қазынасы. Тіл бар жерде ел бар. Тілдің тәуелсіздігін сақтау үшін әліпбиіміз дұрыс әрі нақты болуы тиіс. Қазақ тілі – түркі тілдерінің төресі, біз латын арқылы қазақ халқының ғана емес, түркі тілдерінің де басын біріктіруші негіз болуы тиіс деп есептеймін. Түркітілдес халықтардың парламенті ұйымын құрсақ деген ұсынысым бар. Қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиінің емле ережесін жүйелеп, нақтылап алсақ, көп мәселе шешімін табары сөзсіз. Сол себепті, «Тіл – қазына» орталығы мен Тіл білімі институты мамандары бірлесіп, қазіргі уақытта үзіліссіз жұмыс істеп жатыр», – дей келе, орталықтың осы жылы атқарған жұмыстарына кеңірек тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелде ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін әрі әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз етудің бірегей негізі болған латын әліпбиі жобасын жүзеге асыруда кездесетін негізгі мәселелер мен оны тиімді шешудің жолдары жайында академик, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан, қоғам қайраткері Асылы Осман, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әлібек Асқаров, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдеш, «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры Жансәуле Әлиқызы, Түркі халықтары мәдени орталығының жетекшісі Ахмет Дағдуран баяндады.
Дөңгелек үстелге тілші-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, қоғамдық және гума­нитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, жас ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тегтер: латын графикасы, жаңа әліпби, емле
Авторы: Мейрамбек ТАУБАЛДИЕВ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалым хатшысы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

90 0

ақпарат

​Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұлы құндылығы

106 0

ақпарат

«Үздік қызметкер» байқауы өтті

93 0

ақпарат

​«Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» семинар-кеңесі өтеді