Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл үйретудегі жаңа тенденциялар

25.7.2018 378
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында оқыту бағдарламаларын жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде онлайн семинар өткізіп келеді.

Осы орайда 2018 жылғы 25 маусымда «Оқу-әдістемелік құралдардың қазіргі ахуалы және тіл үйретудегі жаңа тенденциялар» атты республикалық онлайн семинар өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Астана, Алматы қалалары мен өңірлердегі мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының, жоғары оқу орындарының мамандары және әдіскер-ғалымдары байланысқа шықты.

Шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Мелдешов Ғалымжан Сәрсенбайұлының кіріспе сөзімен ашылды.

Семинар барысында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы Айдос Абдықалықов «Қазақ тілін оқытуда ұлттық стандарттардың ролі», Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті кафедра меңгерушісі Арай Жүндібаева «Қазақ тілін тілін оқытуда қолданылатын кейс және технология түрлері», Қызылорда облысының Тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлім басшысы Әсел Бақытова «Мемлекеттік тілді оқытуға арналған әдістемелік құралдар: мазмұн мен сапа», М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті қазақ және орыс тілдері департаментінің координаторы Қарлығаш Дүсіпбаева «Оқылым дағдысын қалыптастырудың креативті жолдары», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Айнұр Баекеева «Ересектерге ағылщын тілін оқыту:әдістеме және тәжірибе», С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Нұрлыхан Аитова «Психо-нейролингвистика жетістіктері негізінде тіл үйрету» тақырыптарында баяндама жасады.

А.Абдықалықов өз баяндамасында Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау, оның инфрқұрылымын дамыту және оқыту процесін ынталандыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар Қ.Дүсіпбаева өз баяндамасында тілді оқытудың жаңа креативті коучинг әдісін қолданудың тиімділігін атап өтсе, А.Баекеева ағылшын тілін педагогикалық және андрагогикалық модельдері арқылы оқытудың тәсілдерімен бөлісті.

Семинар соңында шараға қатысушыларөзара еркін пікір алмасып, әдістемелік мәселелер төңірегінде өз ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

31 0

ақпарат

«Шылпылдақтар аталық», «белбеу әйел»…

24 0

ақпарат

​Астанада математика мен тілді терең меңгеруге арналған мектеп ашылды

82 0

ақпарат

Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сыныбы өтуде