Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Идея сізден, қолдау бізден!

25.7.2018 321
Байқау жалғасуда. Мүмкіндігіңді жіберіп алма!

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы инновациялық жобалар мен тың идеяларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты - «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын жүзеге асыру, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Премьер-Министрінің Өкімін орындау.

Халықтың латын әліпбиін жылдам, ыңғайлы және сауатты игеріп кетуіне ықпал ету. Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуіне жағдай жасау, инновациялық жобалардыңсанын арттыру, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту.

Байқауға қатысатын жобаларға қойылатын талаптар:

инновациялық IT технологияларды қолдана отырып, балалар мен ересектерге латын әліпбиін үйретуге арналған онлайн-қосымшалар және электрондық нұсқадағы оқу курстары мен тың жобалар әзірлеу;

Көпфункционалды конвертер әзірлеу және техникалық қолдау;

Қағаз мәтінді тану және оны латын графикасына аудару;

Tilqazyna.kz ресми сайтын әзірлеу және БАҚ-та насихаттау;

iOS, Android үшін мобильді қосымшалар әзірлеу;

Машиналық оқыту негізінде тілді оқытуға арналған веб-сервис құру;

Мемлекеттік тілді үйрету және насихаттауға арналған веб және ИТ инфрақұрылым құру;

Қазақ тілінде қызықты әрі ерекше жобалар әзірлеу (контент);

Латын графикасы негізінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бейнеблоктар әзірлеу (ақпараттық-жарнамалық, танымдық, вайн түсіру және БАҚ-та жариялау);

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша көрнекі ақпарат өнімдерін (билбордтар, лайтбокстер, баннерлер және т.б.) әзірлеу.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін қабылданады.

Жобаның тұжырымдамасын, құрылымын (презентация түрінде) және бағалық ұсынысты, мүмкін болса, пилоттық нұсқаны көрсетілген мекенжайға тікелей немесе пошта арқылы жолдауларыңызға болады.

Астана қаласы Сығанақ 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Ескерту!

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.

Мүмкіндігіңізді мүлт жібермеңіз! Болашағымызды бірге жасайық. Тіл тағдыры сіз бен біздің қолымызда.

Сұрақтар бойынша 8(7172) 27-71-33 нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.


1 қосымша

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-

практикалық орталығы» КеАҚ

атқарушы директоры Е.Тілешовке

кімнен __________________________

___________________________________

___________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; тұрғылықты мекенжайы немесе заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

Өтінім

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

Жобаны сараптау кеңесінің қарастыруына жолдаймын.

Өтінімге қоса берілген құжаттар тізімі:

1.

2.

3.

4.

____________________

(жеке тұлғаның қолы немесе

заңды тұлғаның атауы)

Мөр орны

(болған жағдайда)

Өтінім беру күні « » __________20__жыл

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

55 0

ақпарат

​Тренинг – дағды қалыптастыру тәсілі

80 0

ақпарат

​«Латынша жазамыз» акциясы жүруде

25 0

ақпарат

Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің ұлттық коды