Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Батыс Қазақстан облысында бірнеше мектеп қазақы атауға ие болды

23.7.2018 146
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бірқатар мектептің атауы қазақыланды. «Бұл өзгеріс идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру аясында жүргізілді» дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 шілдеде шыққан №413 қаулысына орай Тасқала ауданындағы Вавилин бастауыш мектебі – Бастау, Жемшин бастауыш мектебі – Тоғайлы, Крутой негізгі мектебі – Ынтымақ, Кузнецов негізгі мектебі – Бірлік, Родник негізгі мектебі – Айнабұлақ, Семиглавый Мар орта мектебі – Достық, Совхоз мектеп-балабақшасы – Атамекен, Шипов орта мектебі – Мерей орта мектебі болып қайта аталатын болды.

Осылайша, шекарада жатқан елдімекендердің қазақы бет-бейнесі қалпына келіп, алдағы жаңа оқу жылында шәкірттер атауы жаңғырған мектеп табалдырығын аттайтын болды.


Тегтер: Батыс Қазақстан, мектеп, атау, Үкімет
Авторы: Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

31 0

ақпарат

«Шылпылдақтар аталық», «белбеу әйел»…

24 0

ақпарат

​Астанада математика мен тілді терең меңгеруге арналған мектеп ашылды

82 0

ақпарат

Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сыныбы өтуде