Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сыныбы өтеді

23.7.2018 307
​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ ағымдағы жылдың 20-24 тамыз аралығында Астана қаласында ілеспе аударма жүргізудің шеберлік кластарының 1-кезеңін өткізеді.

Шеберлік кластары аясында ілеспе аударманың теориялық мәселелері, негізгі бағыттары зерделеніп, алынған білімді тәжірибеде ұтымды қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану тәжірибесін қалыптастыруға негізделген сабақтар арқылы ілеспе аудармашылардың практикалық біліктілігі арттырылады.

Шеберлік кластарына ғалымдар, сала мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің аудармашы мамандары қатысады.

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393, 87016752660

Тегтер: ілеспе аударма, аударма, шеберлік сыныбы, аудармашы
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

55 0

ақпарат

​Тренинг – дағды қалыптастыру тәсілі

80 0

ақпарат

​«Латынша жазамыз» акциясы жүруде

25 0

ақпарат

Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің ұлттық коды