Ел назарын аудару үшін қате жазатындар бар

Tilalem.kz

Tilalem.kz

23 шілде, 2018

Бұлар бір «хайп» ұстап алған. Елдің назарын өзіне қарату үшін қазақшаны қасақана қате жазады. Сөздегі қатені байқап, жұрт талқыға салады деген дәме бар. Дәмесінің зоры! Бір қызығы, біз сол қақпанға түсіп жатырмыз.

«Магнум» дүкеніндегі қате аударма, Forte банктің шала қазақшасы, «қорқақ еркектер», BI груптың күтпесі, т.с.с. Көшедегі қателерді көргенде үндемейтін күйге түстік. Қылмысты көріп жасырып қалғаның тәрізді, қатені көріп үндемеген сайын өзіңді «қылмыскер» сезінеді екенсің. Түптеп келгенде, біз өзімізге күліп жүрміз. Күлгенімізді көріп, кейбір SMM-шілер қалжыңдасуға көшіпті.

Соңғы жылдардың ішінде интернеттегі нарық қазақшасы сауатты маманға зәру еке­­нін көрсетті. Facebook компаниясының өзі қазақша білетін арнайы маман іздеп, жарнаманы бергені естеріңізде болар.Бұқарамен қазақ тілінде сөйлесе алатын адам тапшы…

Санасында саңылауы бар шетелдік компаниялар кейде аударма мәтіндерін жіберіп тұрады. Аударма сапасы жақсы болғанымен, коммуникация тікелей жүрмей тұрғанын олар да түсінеді. Ағылшыннан төте аударуды жолға қойып жатыр. Маман тапшы. Қайтпек керек?

Коммуникация арнайы пән ретінде зерттелмесе, оқытылмаса осылай болмақ. Бүгін тек мәтінді жеткізуде қиындық туындап жатса, күні ертең ұйым ішінде қиындықтар туындайды. Коммуникация (қарым-қатынас мағынасында) болмаса, процесс те дұрыс жүрмей, кедергілер жинала бермек.


Баға беріңіз