Әлемнің бірде-бір елінде үш тіл мүлдем оқытылмайды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

26 маусым, 2018

"Әлемнің ең мықты 30 елінің бастауыш кластарында қанша тіл оқылатынын зерттеп қарасақ, екі тіл 1-ші сыныпта 4 елде, 2-ші сыныпта 5 елде, 4-ші сыныпты 12 елде ғана оқытылады.

Ал, әлемнің бірде-бір елінде үш тіл мүлдем оқытылмайды екен. Бастауыш кластарда барлық пәндер тек ана тілінде оқытылу керек екенін министрлікке үнемі айтып келеміз.

"Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген қағидатты министрлік берік ұстанған сияқты. Таусылмайтын, аяғына дейін жетілмеген реформалардың жетегінде кетіп бара жатырмыз. Осының салдарын он, он бес жыл өткеннен кейін тартпасақ жарар еді".



Баға беріңіз