Уақыт ағымынан қалмасақ…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы атты мақаласында сананы жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі еліміздің бәсекеге қабілеттілігі екенін атап өткені белгілі....
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 маусым, 2018

Бүгінгі таңда көптілділік елде білім беруді жаңғыртудың, оның ішінде жоғары білімнің іргелі мәселелерінің біріне айналып отыр. Білім беруді жаңғырту тетіктері білім беруді дамыту үдерісіне жатады, ал ол өз кезегінде көп тілді мәдениетті қалыптастырумен тікелей байланысты.

Қазақстанда үш тілді идеяны алғаш рет 2004 жылы Елбасымыз жариялады. 2006 жылдың қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев тағы да үш тілде білім біздің балаларымыздың болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Бұл идея 2007 жылы жалғасын тапты – Елбасымыздың «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Қазақстан халқына Жолдауында үш тілді дамытуды, білім саласында кезең-кезеңмен іске асыруды бастауды ұсынды.

Тілдерді оқытуға байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасында 2001-2010 жылдардағы тілдерді қолданудың мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының шет тілін оқытуды дамыту тұжырымдамасы» және тағы басқа құжаттарда көрініс тапқан. Аталған құжаттар көптілді білім берудің рөлі мен орнын айқындайды. Сонымен қатар бұл бағдарлы міндет Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Инновациялық даму тұжырымдамасында көрініс тапты. ЮНЕСКО-ның «Көптілді білім беру» тұжырымдамасына сәйкес, білім беру кем дегенде үш тілде: жергілікті, аймақтық немесе ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгейде қолданылады. Әлемдік білім беру кеңістігін дамы­тудың қазіргі заманғы үрдістері жоғары оқу орындарындағы көптілді білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту және жетілдіру міндетін қойып отыр.

Қазіргі уақытта мұндай келелі міндет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінде іске асырылуда. Экономистер үшін ағылшын тілін білу өте маңызды екені айтпаса да түсінікті. Өйткені экономика саласында негізінен ағылшын тілінен енген терминдер пайдаланылады. Мысалы, экономика ғылымының заманауи концептуалды аппаратында «капитал», «бизнес», «банк», «маркетинг», «туризм» және т.б. сияқты терминдер аз емес. Бұдан басқа, қазіргі әлемнің жаһандану дәуірінде халықаралық экономикалық интеграция үрдістері және ағылшын тіліндегі іскерлік қарым-қатынастардың кең таралғаны белгілі. Осы және басқа жайларды ескере отырып, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ­Экономика факультетінде мамандар көптілді оқытуды дамытуға ерекше назар аударып келеді. Сонымен қатар ­«Туризм» кафедрасында бір жылдан астам уақыт бойы жоғары деңгейлі топтарда полиглоттық сабақтар өткізілді. Ал 2017-2018 оқу жылында магистратура мен докторантурада бірнеше тілді оқытатын топтар құрылды. «Туризм» мамандығы бойынша білім алушылардың жалпы санының 20 пайызы бакалавриатта, 60 пайызы магистратурада және 100 пайызы PhD докторантурада оқиды. Әрине, көп тілді оқыту сапасы факультеттің кәсібилігіне, оның тілдік деңгейіне де тікелей байланысты.

Бұл орайда шетелдік жоғары оқу орындарында машықтану үшін бірлескен оқу бағдарламаларын құру, қарқынды курстар мен жазғы мектептерді ұйымдастыру қажет. Бұл 2014-2020 жылдарға арналған Еуропалық Одақтың білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды, ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған жаңа бағдарламасы. Оның негізгі мақсаты – білім беру жүйелерін және оқытуды жаңғырту мен тұрақты дамытуды одан әрі насихаттауға бағытталған. Университеттің экономика факультетінде бұл бағдарлама бірнеше жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, «Туризм» кафедрасында Erasmus + ағылшын тілі оқытушылары Испания, Үндістан және басқа мемлекеттерде білімдерін жетілдіріп қайтты.

Осылайша, университеттерде көптілді білім беруді одан әрі жетілдіру және дамыту үшін студент­тердің тілдік оқыту сапасын арттыру, шетелдік тәжірибелер бағдар­ламалары арқылы ағылшын тілін үйрету курстарын ұйымдастыру арқылы оқытушылардың тілдік дағды­ларын жақсарту, сөйлеу­шілер клубтарын тарату және т.б. үрдістер пайда болды. Мұндай тәсілмен тек толыққанды көптілді білім беру және оның жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға қосқан үлесі туралы айтуға болады.

Қорыта айтқанда, көптілділік – бұл шетел тілінде сөйлеу және түсіну ғана емес, сонымен қатар әртүрлі жағдайларда шет тілдерін қолдану мүмкіндігі. Мұғалімдер үшін тек шет тілін біліп қана қоймай, сонымен қатар авторлық курстардың, ағылшын тіліндегі халықаралық рейтингтік басылымдарда ғылыми жарияланымдардың, шетелдік тәжірибелердің және т.б. болуы маңызды және қажетті талап болып табылады.


Баға беріңіз