"Тіл шебері-2018" байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлест...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

05 маусым, 2018

Жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқау Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтеді.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1. «Тұсаукесер» – берілген тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу;

2. «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру;

3. «Өнертаным» – берілген жаңылтпаштарды үш тілде жаңылмай айту.

Дәстүрлі шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Ақмола облысы Бурабай ауданының зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.

Байқау мерекелік концертпен жалғасады.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 15 маусым

Іс-шараның басталуы: сағ.: 14.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-97; 8 701 451 14 17, 8 705 100 59 08


Баға беріңіз