​Ағылшын тілін үйрететін жазғы лагерь ашылды

Орал қаласында «Дарын» қосымша білім беру орталығы жанындағы жазғы демалыс лагері ашылды. Бұл лагердің ерекшелігі – мұнда «Нұр Отан» партиясының «Үш тұғырлы тіл» партиялық жобасы аясында оқушылар а...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 мамыр, 2018

- Бүгін міне, оқушылардың дәстүрлі түрде жазғы демалыс орындары ашылып жатыр. «Нұр Отан» партиясы жаңа әлеуметтік аясында өңірімізде ІТ сыныптарын ашу, мектеп оқулары жанында асханалар және үш тұғырлы тіл – ағылшын тілін үйрену бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүретін болады. Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы маңызды қадам. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам өз елінде де, шетелде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Бүгінгі демалыс лагерінде жаз бойы 400-ге жуық оқушы 4 ауысымда әрі демалып, әрі ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіретін болады, - дейді «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси жұмыс бөлімінің консультанты Архат Исламғали.

Биыл Батыс Қазақстан облысында тұңғыш рет қолға алынып отырған тіл үйрену лагері 4 ауысымнан тұрады. Мамыр айының 28-інен басталған алғашқы ауысым 6 маусымға дейін созылмақ. «Достық құшағында» деп аталған бұл топта мүмкіндігі шектеулі 78 бала демалыспен бірге тіл үйренуді де бастап кетіпті.

- Лагерде әдеттегі тәрбиешілерден бөлек, ағылшын тілін жетік меңгерген волонтьерлер қызмет етеді. Олар ағылшын тілінің сабақтарын ойын түрінде өткізеді, - дейді «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы Назгүл Қожанбаева.

Лагерде 11-20 маусым аралығында өтетін екінші ауысым «Жас эрудиттер» деп аталады. Оған жаратылыстану-математика бағытындағы барлығы 105 оқушы қатысады. Ал гуманитарлық бағытта білім алып жүрген 105 үздік оқушы қатысатын үшінші ауысым 25 маусымнан 1 шілдеге дейін созылады. Айта кететін жайт, бұл топта Ресей Федерациясында тұратын қандастарымыздың отбасынан 17 оқушы демалады. Ең соңғы, төртінші ауысымда патронаттық тәрбиедегі балалар ата-анасымен бірге – 70 бала, 25 ата-ана демалады деп күтілуде.




Баға беріңіз