"Мемлекеттік тіл және БАҚ" байқауы жалғасуда

Дәстүрлі "Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық байқауына материал қабылдау жалғасуда.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

28 мамыр, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен "Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" ғылыми-тәжірибелік орталығы" АҚ-ның ұйымдастыруымен өтетін байқауға ел аумағындағы барлық БАҚ өкілдері қатыса алады.

Ол үшін мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын, қазақ тілінің қолданылым аясын кеңейтуге ықпал етіп, Тіл туралы заңға қайшы әрекеттерді әшкерелейтін БАҚ-та (20107 жылдың 10 маусымы мен 2018 жылдың 1 маусымы аралығы) жарияланған материалдарын ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін жолдауы тиіс.

Байқау жеңімпаздары төрт номинация бойынша анықталады.

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телебағдарлама»;

3) «Үздік радиобағдарлама»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

Байқау қатысушыларының жұмысын Комитет бекіткен, филология, журналистика салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы комиссия бағалап, жеңімпазды анықтайды.

Байқау жеңімпазына 1 000 000 теңге табысталады.

Ал әр номинация бойынша жүлдегерлер:

І орын - 500 000 теңге

ІІ орын - 350 000 теңге

ІІІ орын - 150 000 теңгенің сертификатын иемденеді.

Айта кетейік, алдыңғы байқауларда бас жүлдені иемденген жеңімпаздар конкурсқа қатыстырылмайды.

Байқау жайлы толық ақпаратты сілтемеден http://tilalemi.kz/article/1279 аласыз.



Баға беріңіз