«Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру» мәселесі бойынша атқарар жұмыстар баршылық, атқарылғаны қаншама

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру» мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар жайында
Tilalem.kz

Tilalem.kz

25 мамыр, 2018

2017 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына ауыстыру» қалада және жақын жердегі елді-мекендерде түсіндіру жұмыстары жүргізіле бастады. Әкімдік жанынан арнайы құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында:

  • қала әкімінің орынбасары – Әубәкіров Т.Ғ.,
  • мәслихат хатшысы – Елтебаева Г.Т.,
  • қалалық мәслихат депутаттары – Қалиев А.К., Бекентай А.Е.,
  • Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ ректоры –Қуанышпаев С.Б.,
  • ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ғапбасов Ж.Ғ.,
  • қаламыздың құрметті азаматтары, ел ақсақалдары – Өмірбек Ж.С., Досжанов Х.К., Алматов О., Бәйділдин Ш., Тәшетов М.

Жоғарыда аталған АТТ мүшелерінің қатысуымен мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары, медицина саласының қызметкерлері арасында насихат жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың 26 қазанындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшуі» туралы №569 Жарлыққа қол қойылғаннан кейін қала әкімімен жаңа жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Аталған жоспар бойынша 2017 жылдың 26 желтоқсанына дейін 105 мекемеде кездесу өтіп, 8009 адам қатынасты. Рухани жаңғыру аясында жергілікті баспасөз беттерінде 140 мақала (1 қосымша) жарияланды. 2017 жылдың 26 қазанындағы «Қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына ауысуы» туралы қол қойған №569 Жарлықтың негізінде қаламыздағы бірқатар әлеуметтік нысандарға, көпшілік орындарға, жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге жадынамалар шығарылып, таратылды. Сондай-ақ, жергілікті апталық «Арқалық хабары» газетінің логотипі латын қарпінде өзгертіліп, Республика бойынша 2017 жылдың 3 қарашасындағы №42 санының бірінші бетін латын қарпімен жариялады. Тәжірибе ретінде жазылған мақала көпшіліктің көңілінен шығып, әр аймақтан газет оқырмандары қолдау білдіріп, оң пікірлерін жаудырды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы және 2017 жылдың 26 қазанындағы «Қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына ауысуы» туралы қол қойған №569 Жарлыққа өзгеріс енгізілгені туралы ҚАУЛЫСЫ мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілін латын әліпбиіне көшу идеясын ілгерілету бойынша жүргізілетін жұмыстар 2018 жылдың қаңтар айынан бастап қайта бекітілген І және ІІ тоқсан бойынша желілік жоспарға сәйкес өз жалғасын тауып келеді. Аталмыш шара бойынша бүгінгі күнге текті (2018.10.05(1 қосымша)) 28 мекемеде кездесу өткізіліп, оған 1218 адам қатынасты. Аталған мәселе төңірегінде жергілікті баспасөз беттерінде 37 мақала жарық көрді. Алдағы уақытта қалалық газетте «Сөзтаным» рубрикасын Елбасы бекіткен жаңа әліпбидің негізінде жалғастыру мақсатында жоспар құрылып, электронды түрде (компьютерге) енгізу мүмкін болмағандықтан тоқтатылып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» бастамасына қолдау білдіру мақсатында қалалық тілдерді оқыту орталығында «Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады» деген атаумен бұрыш жасалуда. Бұрышта аталмыш мәселе бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелері (шығарылған мақалалар жинағы, кездесулердің фотосуреттері мен хаттамалары, таратылған жадынамалар, күнтізбелер, алынған сауалнамалар, т.б.) ұсынылмақ.

1-қосымша

Жылдар

Мекеме саны

Қатысқан адам саны

Мақала саны

1

2017 жыл

105

8009

140

2

2018 ж. 1 тоқсан

10 мамыр

28

1218

37

Барлығы

133

9218

177


Баға беріңіз