Латын әліпбиімен диктант жазды
Аталған акцияға «Қазақстан Халық банкі», «Қазпошта» акционерлік қоғамдарының облыстық филиалдары, жергілікті жүйелер телекоммуникациялар торабы, облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен құралған 250 адам қатысып, латын әліпбиінде диктант жазды. Диктант жазу акциясы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің технологиялық кешенінде өтті. «Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде диктант жазу акциясының негізгі мақсаты әрбір азаматтың, әсіресе қызметкерлердің жазу дағдыларын қалыптастыру болды. Аталған акцияны бұдан кейін де жалғастыру жоспарда бар», дейді басқарма басшысы Сұлушаш Құрманбекова.
Баға беріңіз