​«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында кездесу өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 мамыр, 2018

Қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген жаңа алфавитке кезең-кезеңімен көшіру мәселесі шеңберінде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыстың этностары көп шоғырланған Железин мен Качир аудандарында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты кездесулер өткізілді. Шараның басты мақсаты - мемлекеттік тілді және жаңа әліпбиді кезең-кезеңімен енгізуді насихаттау.

Сонымен қатар кездесу барысында ономастикалық нысандардың атауын өзгерту және мемлекеттік тілдің ғылым-білім, қоғамдық көпшілік орындарда қолданылуы туралы, патриоттық, жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы туралы сөз қозғалып, шараға қатысушылар өзара пікір алмасты. Шараларға түсіндіру тобының мүшелері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Қ. Тұрышев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының мүшесі Б.С. Сыздықов және Ақсу қаласының құрметті азаматы С.Қ. Қондыкерова қатысты. Отырыс соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, осындай кездесулердің жиі өткізілуіне ұсыныстар айтылды.



Баға беріңіз