Славян жазуы мен мәдениеті күніне орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

​Қазақстанда жыл сайын 24 мамырда славян жазуы мен мәдениеті күні кеңінен аталып өтіледі. Аталмыш күні республиканың барлық өңірлерінде әртүрлі іс-шаралар – дөңгелек үстелдер, конференциялар, конце...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 мамыр, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» АҚ-ы славян жазуы мен мәдениеті күніне орай ағымдағы жылдың 24 мамырында «Түркі-славяндық қарым-қатынас: тіл, тарих, мәдениет» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – Қазақстан этномәдени кеңістігіндегі славян тілдерінің алуан қырлы қызметі мен оларды сақтап қалу мәселелері жөнінде пікір алмасу, орыс және өзге де славян тілдерін оқыту бағытындағы жинақталған тәжірибелермен алмасу, ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынастарының жолдары мен құндылықтарын талқылау.

Конференцияда славянтану, түркітану, тілдік қатынас, аударматану, әдебиеттану салаларындағы белгілі ғалымдар баяндама жасайды.

Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық тұлғалар – славян мемлекеттері елшіліктерінің қызметкерлері (ҚР Ресей Федерациясының елшілігі,ҚР Беларусь Республикасының елшілігі, ҚР Болгария Республикасының елшілігі және т.б.), ҚР Президенті жанындағы РМУ «Қоғамдық келісім», ҚР Ресей ынтымақтастық өкілдігі, Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары, мектеп мұғалімдері, оқушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар, этномәдени бірлестіктер, этноағартушылық мектептер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция аясында славян филологиясы және тілдік қатынастар бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады. Шара М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған мерекелік концертпен жалғасады.


Баға беріңіз