Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп латын әліпбиінде газет шығармақ

12.5.2018 89
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай латын графикасымен алғаш рет қазақ-өзбек тілдерінде газет шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясы мен ӨР Жазушылар одағының кездесуінде Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев мәлім етті.

«Бүгін біз бірлескен кітап-журналдарды әзірлеу ісіне жақсы негіз болатын ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыладық. Латын графикасымен басылатын бірлескен газетті шығару жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл мәселеде Өзбекстанның тәжірибесі, жақсы әдіснамалық негіздері бар. Латын графикасымен жаңа шығармаларды шығаруға болады. Бұл оқырмандарға Өзбекстан және Қазақстан өмірі туралы көбірек білу мүмкіндігін береді. Бұдан тыс, екі елдің жазушылар одағының ортақ тарихын сипаттайтын әрі шығармашылықпен айналысатын бүкіл зиялы қауымға арналған жол картасын жасау мәселесін қарадық. Біз екі халықтың болашағын көрсетуіміз қажет. Ондай жол картасы жаңа туындылардың өмірге келуіне түрткі болып, тамам халыққа қолжетімді болады. Үстіміздегі жылдың тамыз айында, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай алғашқы газетті шығаруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, ӨР президентінің қаулысымен жыл сайын «Абай оқулары» өткізілмек», - дейді Ерік Өтембаев.


Тегтер: Қазақстан, Өзбекстан, латын әліпбиі, газет
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

43 0

ақпарат

​Латын қарпіне өтудің төте жолы талқыланды

35 0

ақпарат

​Қ.Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесін одан әрі арттыру өзекті мәселе

34 0

ақпарат

​Қостанайда латын әліпбиіне көшу туралы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті