​«Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері» атты конференция өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйл...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

10 мамыр, 2018

Конференцияның мақсаты – қазіргі жаһандық ғылыми-техникалық даму үдерістерінде ғылым, білім, техника мен экономика, қоғамдық-әлеуметтік салаларындағы терминдер мен термин сөздерді жетілдіру, толықтыру және біріздендіру мақсатында теориялық және практикалық ізденістерді сараптау және талқылау.

Конференцияда қазіргі ұлттық терминологияның жай-күйі және келешегі, терминжасам қағидалары мен ұлттық терминология міндеттері, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты туындайтын терминологиялық міндеттер, терминжасам құрылымын дамыту, терминді бекіту, біріздендіру және стандарттауды іске асырудың мемлекеттік тетіктерін дамыту, ұлттық терминқордың электрондық базасын жасаудың ғылыми-тәжірибелік негіздері сөз болады.

Жиында ұлттық терминологиядағы мәселелер жөнінде ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы, Назарбаев Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сарқыт Әлісжан және т.б. терминолог-ғалымдар баяндама жасайды.

Ғылыми-теориялық конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, терминолог-ғалымдар, докторанттар мен магистрлер, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысады.


Баға беріңіз