Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жағдаяттық оқыту – STEM-ді оқытудың бір үлгісі

2.5.2018 262
Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді. Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция қарқынды жүріп жатыр. Ақпарат ағыны, жоғары технологиялық инновациялар біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеруде.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап беріп, оқытудың заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану керектігін баса айтты. Сол себепті, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін STEM – білім беру мен оқуды бірдей бағытта ілгерілетуіміз қажет.

STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика).

Ал қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінде STEAM оқытуды қолдану оң нәтиже береді. Әсіресе қазақ тілін оқытудың орта В1, ортадан жоғары В2, жоғары С1 деңгейлерінде тақырыптық тапсырмаларды меңгертуде өте тиімді. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл маңызды кешенді міндет. 3D – притинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. Цифрлық индустрияны дамыту басқа салаға серпін береді. Сондықтан үкімет IT саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауға алуы тиіс. Жаңа индустриялық қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады» деп атап көрсеткені белгілі. Осыған орай, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндеттің бірі "Ақылды қалалар ақылды ұлт үшін" жобасын жүзеге асыруда түрлі жағдаяттық тапсырмаларды беру арқылы тыңдаушының танымдық қасиетін арттыруға қол жеткіземіз. Мәселен, тіл үйренуші ойын нақты дәлелдермен жеткізу арқылы “Ақылды қала” жобасына өз ұсынысын айту арқылы ғылыми-техникалық тұжырымдарымен бөліседі. Айталық, Интелектуалды көлік жүйесі, SMART модуль жүйесі, бірыңғай такси қызметі, ақылды күзет жұмысы, электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі, энергетика саласындағы инновация т.б. Бұдан басқа түрлі тақырыптық жағдаяттық тапсырмаларда STEAM оқытуды пайдалану тыңдаушының зияткерлік қабілетін дамытып, түрлі инновациялық жаңалықтар ашуға немесе өзіндік тұжырымдама жасауға көмектеседі.

Оқыту үдерісінде тіл үйренушілердің әртүрлі деңгейдегі адамдар болуына байланысты, тіл үйренушілердің талабына, сұранысына бағытталған нақты білім мен дағды, тәсілді қолдану қажет. Жалпы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану тиімді болып табылады. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Қазіргі таңда оқу үдерісінде «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар жетерлік. Мұндай технологиялар сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, тіл үйренушінің қызығушылығын арттырады, екінші жағынан тыңдаушының танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесінде оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, оқытушы жұмысының нәтижесі де арта түспек. Сондықтан да STEAM оқытуда тіл үйренушінің белсенділігі, зияткерлігі, парасаттылығы анықталады. Олардың жеке қасиеттерін ашу арқылы танымдық күшін қалыптастырып, шағармашылық қабілетін дамытады.

Оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру оқытушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетінің артуына септігін тигізеді. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қаламай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізге міндеті.


Тегтер: Төртінші өнеркәсіптік революция, STEAM, STEM, Елбасы, ақылды қала

Сондай-ақ, оқи отырыңыз