Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Не­міс қызы Диана қазақ тілін ана тілім деп санайды

2.5.2018 87
Тоқмансай – үш жүзге тарта түтіні бар, ауызбіршілігі мол, бірнеше этнос өкілдері тұратын ынтымағы жарасқан ауыл. Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі қазақтар болғанымен, неміс және украин этносының өкілдері де жеткілікті. Олардың бәрінің мемлекеттік тілге деген ынтызарлығы мен құштарлығы кім-кімді де тәнті қыла алады.

Тоқмансай ауылының көп эт­носты тұрғындары бір-бірі­мен тек қазақ тілінде сөй­лесе­ді. Неміс пен украин ұлты өкілдерінің балалары осы ауылдағы Тоқмансай орта мектебінде қазақ тілінде оқи­ды. Біз осы мектептің түлегі, не­міс қызы Диана Кремермен кез­десіп, әңгімеге тартқан едік. Ол Тоқ­мансай орта мектебін аяқ­та­ғаннан кейін, Ақтөбедегі көп салалы Тарлан колледжіне түсіп, үздік дипломмен бітіріпті. Қазір Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универ­сите­тінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні­нің оқытушысы мамандығы бойын­ша сырттай бөлімде оқиды. Ісі дара, сөзі сара қыз бүгінде Тоқ­мансай ауылдық мәдениет үйі­нің меңгерушісі болып қызмет атқа­рады. Диана әкесі неміс, ана­сы қазақ болғанымен, өзін толық­қанды қазақ қызымын деп есеп­тейді. Жүрегіне жылу, жанына сенім және жүрегіне сезім ұялат­қан қазақ тілін ана тілім деп санайды.

Тіпті біздің отбасымызда қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұс­тану тәртібі қалыптасқан. Мен қария­лар мен жасы үлкендердің баталарын алып бойжеттім. Осы халықтық дәстүр болашағым­ның жарқын болуына оң септігін тигізетініне имандай сенемін дейді Диана Витальевна.

Ол Тоқмансай ауылдық мәде­ниет үйінде өзінің алғашқы еңбек жолын бастай отырып, қазақ хал­қы­ның өнері мен мәдениетіне қатыс­ты көп жайттарға қаны­ғып­ты. Оның жанын қазақ музыкасы бесік­­­тей тербетіп, алға қойған ой-мақ­­­сат­тарына қанат бітіріпті. Ауыл­­­дық мәдениет үйіндегі сан алуан, қат-қабат істердің басы­қасын­­­да жүрген Диана Кремердің іс-қи­­­мы­­лына ауыл тұрғындары, оның үл­кені мен кішісінің бәрі дән риза. «Шіркін, Диана! Ауылы­мыз­­­дың көркі мен шырайы ғой бұл қыз. Жүрегі қандай таза, көр­кі қан­­дай, адамгершілігі мен бауыр­мал­­дығы қандай?!» дейді ауылдастары.

Мектепте және Тарлан кол­лед­жінде оқып жүрген кезінде қазақ тілінде көркем сөз оқудан алдына жан салмаған. Бұл бәсекеде аудан­дық, облыстық және рес­публи­к­а­лық байқауларда топ жарған кейіп­керіміз осы мәнер­леп оқу өнерін өзінің кейінгі іні-сіңілері­нің бойына дарытуға да біраз уақы­тын сарп етіп жүр. Қазақ тілі құ­нары мен шырайы, тіпті қара сөзінің өзі поэзия сарынындай әсерлі де әуезді естіледі. Оны мәнеріне келтіріп айтудың өзі маған ерекше ләззат сыйлайды, дейді Диана Кремер.

Әңгіме барысында ол бізді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде жазған ой-толғанысымен таныстырды. Оның түйіні былайша өріліпті. «Құр­метті Перзидент, Сіз барша қазақ­стан­дықтарды, соның ішінде біз секілді жастарды ұдайы достық пен бірлікке және татулыққа ша­қы­рып келесіз. Сізге алғысымыз шексіз! Менің мақсатым – туып-өскен Отаным – Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуі мен гүл­денуі­не өз үлесімді қосу. Менің елім мен жеріме деген махаббатым шексіз», деген Диананың жүрек­жарды сөздері жазылыпты онда.

Өсе бер, өрлей бер, қазақтың жиен қызы!

Тегтер: қазақ тілі, өзге ұлт, неміс қызы, Диана
Авторы: Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

43 0

ақпарат

​Латын қарпіне өтудің төте жолы талқыланды

35 0

ақпарат

​Қ.Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесін одан әрі арттыру өзекті мәселе

34 0

ақпарат

​Қостанайда латын әліпбиіне көшу туралы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті