Түркітанушылар Қызылордада бас қосты

Қызылорда қаласында ​​"Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият" атты түркі жазбалары күніне арналған ауқымды шара өтті. Шараға республикамыздың түкпір -түкпірінен түркілік мәдениеттің ортақ ү...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

27 сәуір, 2018

Жиынды Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов жүргізіп, "Түркі жазбалары күнінің" ерекшелігіне, конференцияның маңыздылығына кеңінен тоқталды.


Кызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, тарих ғылымдарынын докторы Наурызбай Байқадамов ел өміріндегі латын әріпіне өтудің алғышарттарын баяндады. Тіл саласында елеулі зерттеу еңбектерімен белгілі ғылымдар Бердібай Шалабай, Шапағат Жалмаханов, Бекен Сағындықұлы, Шанжархан Бекмағанбетов, Гүлпар Мамырбекова, Аманкелді Мамыт жасаған баяндамалар конференцияда көтерілген тақырып аясын кеңейтіп, пікірталас туғызды.

Ауқымды басқосуды шара модераторы Ербол Тілешов: "Біздің көздеген мақсатымыз рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият сабақтастығын жалғастыру болатын. Еліміз жаңа бір белестің алдында тұр. Жаһандану жақындастырып, маңызды латын графикасына өту бағдарламасын жүзеге асыру жүргізілуде. Оны ғалымдарымыз терең зерттеп, тіл заңдылықтарына сүйеніп жүргізетін болады",- деп қорытындылады.


Баға беріңіз