Павлодарда көшпелі семинар өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсу қаласының іс жүргізушілеріне, аудармашыларына және қазақ тілі мамандарына арналған көшпелі «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы және жаңа ұлттық ла...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

27 сәуір, 2018

Жергілікті аудармашылардың біліктілігін арттыру және аударматәсілдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шарада облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинардың практикалық бөлімінде «Латын әліпбиі –өмір талабы», «Аударма ісі және аударма тілі», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыптарында дәрістер және практикалық сабақтар жүргізіліп, аудармашы мамандармен тіл мәдениетін дамыту, терминология және латынға көшу мәселелері талқыланды.

Шараға мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдардың тіл мамандары, қазақ тілі оқытушылары, аудармашылары мен ісжүргізушілері қатысты.



Баға беріңіз