​Қарағандыда жаппай диктант жазу шарасы өтті

Қарағандыда жаппай диктант жазу шарасы 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Алғашқы акция кезінде қатысушылардың үшеуі ғана үздік баға алған болатын. 2017 жылғы сынаққа 403 адам қатысып, олардың...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

26 сәуір, 2018

Ал биыл Қарағанды және Шахтинск қалаларында өткен жаппай диктант акциясында 796 адам бақ сынады. Нәтижесінде 32 қатысушы үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұл – республика бойынша ең жоғары нәтиже. Үздік­терді марапаттау салтанаты Қарағандыда 28 сәуір күні өтеді.

Сауат жарысында мәтінді 29 адам оқыды. Олардың қатарында филолог Сәуле Ыбыраева, «Выбирай» журналының редакторы Татьяна Голубцова, психолог Анна Коробейникова, филолог Алтынай Ахметова, стендап-комик Рустам Абильдин, мерекелер жүргізушісі Павел Громов, филолог Надежда Андреева, ән­ші Әлібек Саликов, суретші Қайрат КЭЙ-КЭЙ, «ASKAR» кинофестивалінің бірінші лауреаты Алевтина Алтунина, дизайнер Ирина Нечаева, филолог Неля Юшко, ҚММУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Марина Маретбаева, профессор, медицина ғылымдарының докторы Вилен Молотов-Лучан­ский, радио және теледидар дикторы Владимир Рябцев, журналист және радиожүргізуші Анна Строкова болды.

Сонымен қатар орыс тілін шет тілі ретінде оқып жатқандар үшін құрылған «TruD» тестін 11 адам үздік бағаға тапсырды.

Сауаттылықты тексеру бо­йын­ша халықаралық акция­ның үйлестірушісі Лаура Ілия­сова жаппай диктантты сонымен бірге ағылшын, қазақ тілде­рінде өткізуді ұсынды. «Елі­міз үш тілділік саясатын ұстана­тын­дық­тан өскелең ұрпақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі қажет деп санаймын. Менің ойымша, келесі жылы Білім және ғылым министрлігінің көмегімен және Астана қаласының білім басқармасымен біріге отырып, біз жаппай диктантты тек орыс тілінде ғана емес, сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдерінде өткіземіз. Бұл идея әсіресе мектеп оқушылары мен студенттері үшін қызықты болады деп ойлаймын», деді ол.



Баға беріңіз