Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Ономастика мәселесіндегі оң үрдіс

17.4.2018 290
Азаттықтың алтын күрек желінің ескеніне 30 жылға жуықтаса да Шығыс Қазақстанда ономастика мә­селесі әлі де күрделі қалпында қа­лып отыр. Әсіресе Зырян, Глу­бокое, Шемонаиха, Боро­ду­ли­ха ау­дандары мен Риддер, Өс­ке­мен қалаларында отар­­шыл­дық­тың иісі аңқыған атау­лардан көз сү­рінеді.

Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!Десек те тасбақа ілбіңмен болса да көшелердің атын ауыстыру, елді мекендердің бұрынғы, тарихи атауларын қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын да жоққа шығаруға болмас. Жақында Өскеменде өткен облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісова жұрт көңілін қуантқан жағымды жаңалықты жеткізді. Оның айтуынша, жуықта Өскемендегі 21 көшеге қазақша атаулар беріледі. Мәселен, шаһардағы Мельзавод тұрғын үйі маңындағы №1 көше – Ақтоған, Меновное ауылына айналма автокөлік жолы маңындағы №1 көше – Керуен, №2 көше – Шұғыла, №3 көше – Саялы, №4 көше – Ақниет, №5 көше – Ынтымақ, №6 көше – Көкжиек, Высоковольтная 57 көшесі маңындағы №1 көше – Орманды, №2 көше – Шиелі, №3 көше – Шуақты, №4 көше – Керемет, №5 көше – Рауан, №6 көше – Ақбұлақ, А.Күленов атындағы 16 тұрғын аудандағы №1 көше – Жоталы, Бастау көшесі маңындағы №1 көше – Қайнар, 19 және 20 тұрғын аудандар арасындағы №1 даңғыл – Бейбітшілік даңғылы, 23 тұрғын аудандағы №1 көше – Бостандық, Ахмер ауылындағы №1 көше – Жаңажол, №2 көше – Күнбатыс, №3 көше Өрнек деген атауларға ие болмақ. Ал облыс орталығының 19 тұр­ғын ауданындағы Карл Маркс даң­ғы­лы Қазыбек би даңғылы болып қай­та аталмақ. «Өскемен қаласының әкім­ді­гіне даңғылға Қазыбек бидің есімін беру туралы ұсыныс облыстық соттың төрағасынан, қалалық ардагерлер және ақсақалдар кеңестерінен түскен болатын. Даңғылдың бойында орналасқан 41 көп қабатты тұрғын үйде бес мыңға жуық халық тұрады. Аталған аумақта тұратын тұрғындар да бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан да бірауыздан қолдау тапты», – дейді Р.Төлемісова.

Сонымен қатар қоғамдық кеңес отырысында Бородулиха ауданының екі, Ұлан ауданының бір ауылының атаулары ауыстырылатыны жайында да айтылды. Бородулихадағы Пролетарка ауылына Ақши, Вознесеновка ауылына Қызылтай, ал Ұлан ауданындағы ел аузында «17 шақырым» аталып келген ауылға Сарыөзек сынды тарихи атаулары қайта берілмек.

Ертеректе Белағаш аталған Боро­ду­лиха ауданы жайында сөз қозғал­ған соң атауы ауыстырылатын екі ауылдың бү­гінгі жағдайы қандай деген оймен ау­дан әкімінің сайтына көз жүгірткен едік. Байқағанымыз, Бородулиха ауданында 18 ауылдық округ бар болса, соның 13-нің атауы орысша екен. Степной ауылдық округіне қарайтын Воз­несеновка ауылында бүгінде 43 адам қалыпты. Ал Жаңашүлбі ауылдық округіне қарайтын Пролетарка ауылында 161 адам тұратын көрінеді. Ойлап қара­ңыз, сонда ауылдың тарихи атауы бо­лары болып, бояуы сіңіп, елді мекен құрудың аз-ақ алдында қалғанда бе­рі­лмек. Бұдан пайда қанша? «Жылдан- жыл­ға халық саны азайып, құрып бара жат­қан ауылдарға атау бергеннен гөрі, жо­ғарыда аталған 13 ауылдық округтің атын неге өзгертпеске?» деп ойлайсың. Аудандағы адамдар бұл туралы не ойлайды екен?!





Тегтер: Шығыс Қазақстан облысы, ономастика, жер-су аты, атау
Авторы: Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы​

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

24 0

ақпарат

Батырлар есімімен аталатын жер-су аттары

82 0

ақпарат

Орыс тілі ықпалымен бұрмаланған жер-су аттары қашан қазақшаланады?

93 0

ақпарат

​Қазақ әдебиеті әлем тілдеріне аударылады