​Саналы қоғам талабы – сапалы қызмет

Бүгін Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қалалық трамвай басқармасында «Саналы қоғам талабы – сапалы қызмет» атты семинар өтті.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

10 сәуір, 2018

Шара халыққа қызмет көрсету үрдісінде мемлекеттiк тiлдi қолдану, мемлекеттiк тiлге деген сұранысты арттыру, тiл мәдениетiн жетiлдiру, мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген тiлдiк қажеттiлiктерді толық қанағаттандыру, сапалы қызмет ұсынуды ұйымдастыру масатында өткізілді.

Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң талаптарының сақталуы және қоғамдық көліктердегі көрнекі ақпараттардың сауатты жазылуы, орналасуы, халыққа сапалы қызмет көрсету, латын графикасына кезең-кезеңмен көшу мәселелері талқыланған семинарға басқарма өкілдері мен қоғамдық көліктерде жолаушыларға қызмет көрсететін қызметкерлер (кондукторлар, бақылаушылар) қатысты.

Семинар барысында алдағы уақытта заңбұзушылыққа жол берген нысан басшыларына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңға сәйкес құзырлы орган өкілдері тарапынан тиісті шаралар қолданылатындығы ескертілді.

Шара соңында қатысушылардың ұсынымдары талқыланып, барлық қатысушыларға сөздіктер мен басқа да оқу-әдістемелік құралдар табыс етілді.



Баға беріңіз